Атабаевтың ата жауы кімдер?
Бүгінгі БАҚ өкілдерінің жас буыны «Қазақ журналистерінің клубын» құрыпты дегенді әнеугүні естігенбіз. Жөн екен. Енді міне, жаңа клубтың алғашқы қонағының да қазақ журналистеріне жасаған «кәдесін» көріп отырмыз. Әлгі қонақтың әуелі сөзі жетті. «Қазақ журналистерін жек көремін!» депті ол. Танысып қойыңыз, бұл сөздің бас иесі - Болат Атабаев (суретте). Сөйтіп, әлгі жерде «не жаздық» деп шырылдаған жас журналистерге қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі төмен, терең талдау жасай алмайды деп жауап қайтарыпты клубтың алғашқы қонағы. Айтқыштығымен белгілі Атабаевтың аузына қараған жап-жас журналистер алғашында тыпырлағанмен, кейін «деңгейіміз өсу үшін мұндай пікірлердің айтылғаны жөн» десіпті. Қайтсін енді, алдарында арқырап Атабаев отырса.
Қазақ журналистеріне деген «махаббатын» осылайша жеткізген Атабаевтың оппозициялық аузына шынтуайтына келгенде, ақ ит кірсе де, көк ит шықпауы керек еді. Әрине, Атабаевты адам қылған қазақ журналистикасы емес, бірақ оның есімін ел білетін өнер адамы болуына қазақ баспасөзінің өкілдері де барын салып бақты емес пе? Ол шындықты Болат мырзаның өзі де жоққа шығармас. Әлде «судан өткенше қызыңды алайын, судан өткен соң қызыңды ұрайын» болып тұр ма?!

Өткенде президенттік сайлауға түсемін деп мәлімдеме жасаған Владимир Козловтың жиындарына да Атабаевтың белсенділік танытып, бел шеше кірісіп кеткенін жұрт біледі. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, бәлкім Болат ағамыз сол жаққа барғыштап жүріп, коммунистер мен қазақ тілін өмір бойы үйренгісі келетіндерден? бір нәрсе жұқтырып алды ма екен?! Әйтпесе, «Ақсарай» деген театр ашып, әр нәрсенің жаңа қырын іздеп жүретін режиссер мырзаның құлағынан үркетін мінезі жоқ сияқты еді... Бәлкім, Атабаев туған халқының көзін, құлағын һәм тілін қорсынатын шығар. Әйтпесе, Атабаевтай қазақты аспандатпаса, ауыр сөз айтып көрмеген Алаш баспасөзіне «жек көремін» деп жекитіндей оған не көрініпті?!
Айтпақшы, Атабаев мырза, Сіз жек көретін қазақ журналистері Ахмет пен Міржақыптан бастап санағанда сансыз буын екенін ескерсек, бұл сөзіңіздің зілі батпандап жатқанын сезетін шығарсыз.
Қазақ журналистерін Атабаевтың жек көретінде жөні бар. Өйткені, қазақ баспасөзінің өкілдері Атабаевтың «Ақсарайына» ақша құйған Мұхтар Әблязов туралы бір де бір рет оңды пікір айтқан емес.
Қазақ журналистерін Атабаевтың жек көретінде жөні бар. Өйткені, қазақ баспасөзінің өкілдері бәрін ұлттық құндылықтармен, ұлт мүддесімен өлшейді. Ал біздің бек құрметті режиссеріміз бір сұхбатында «мен осы ұлттық мүдде дегенді түсінбеймін» деген болатын
«Абай-ақпарат»