Сенбі, 23 Қараша 2024
4662 0 пікір 13 Шілде, 2017 сағат 10:51

Мемлекеттік айыптаушы Дадаевқа өмірлік түрме жазасын сұрады

Мәскеу әскери сотында мемлекеттік айыптаушы Шешенстан ІІМ "Север" батальонының бұрынғы жауынгері Заур Дадаевқа өмірлік түрме жазасын сұрады. Алқа билер соты оны саясаткер Борис Немцовтың өліміне кінәлі деп шешкен.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы қалған сотталушыларды 17 жылдан 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Бұған қоса, прокурор сотталушылардың әрқайсына 200 мың рубль айыппұл салуын өтінді. Адвокаттар оларды ақтап шығуын сұрады. Дадаевтың қорғаушысы алқа билер сотын таратып, процесті қайта бастауын өтінді.

Немцовтың туыстары мен жақтастары саясаткердің өліміне Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қатысы бар деп отыр. Бірақ ол тергелген жоқ.

Борис Немцовты 2015 жылы 27 ақпанда Мәскеудегі Үлкен Москворецк көпірінде өлтіріп кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406