Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2645 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 10:57

Қымбат Қалауова. Сонымен, қазақтың саны қанша болды?

2009 жылдың басында өткен жалпыұлттық халық санағының толық қортындысы жақын күндері жария болмақ. Мұны статистика агенттігінің жалпыұлттық санақтан кейінгі жаңа басшысы Әлихан Смаилов мәлімдеді. Асыға күтудеміз!

2009 жылы санақ өтісімен белгілі болған алдын-ала қортынды бойынша, қазақ халқының саны алдымен 67 пайызды құрап, артынан 63,1%-ге дейін аштық пен соғыссыз-ақ құлдыраған болатын.  Алайда, көк мойынорауыш пен көк сөмке асынған санақшыны көрмедік, келмеді деген қандастарымыздың да үн қатқаны яғни санаққа кірмей қалған қазақтар да бар екені БАҚ-ы арқылы айдай болған еді. Оған статистика агенттігі былқ еткен жоқ.

Жалпы, мемлекеттік маңызы бар іс болып саналатын санақ аяқталысымен оған бөлінген қаржының үлкен бөлігі қолды болғаны анықталып, «ойбай, ұстаңдар» деген бұйрық түсіп болғанша, сол кездегі статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешінбаева ханым жылы орнын сипатып кетті. Кейін «санақ ісі» деген атаумен әйгілі болған қылмыстық іс бойынша, кәсіпкер Серік Тұржанов пен агенттік төрайымының орынбасарлары сотталып кете барды. Мешінбаевадан әлгі күнге тырс еткен мәлімет жоқ. Содан кейін санақ жайлы жұрт ұмыта бастап еді, міне, енді тағы елеңдеп отырмыз.

Санақ аяқтала салысымен ел ішінде «қазақтың саны жетпіс пайызды құрапты» деген сөз желдей ескен еді. Жұрт марқайып, «е, бәсе» деп бір ырғалып қалып еді. Бірақ, санақтың алдын-ала қортындысы шыққан кезде марқайған көңіл су сепкендей басылған. Содан болса, керек санақтың қортындысы дегеннен зәтте болып қалған сияқтымыз. Осы жолғы толық қортындыда қазақтың есебі қалай болар екен деп қылпылдап отырған жайымыз бар. Оған себеп те жоқ емес. Көпұлтқа көңілі кеткен біздің билік туған елінің есесін де, есебін де өз пайдасына шеше салудан тайынбайтынына бұл күнде көз жетті.

Айтпақшы, технологиясы дамыған ғасырда статистикалық агенттіктің қолға түскен дерегін екі жылға жуық уақыт есептегені біртүрлі екен... 2009 жылдың басында 63,1 пайыз болған қазақ қазір 65 пайызды еңсеріп-ақ, тастаған шығар. Санақ қортындысы қағазға түсіп, елге жетіп болғанша жетпіске жетіп жымыңдап отырармыз деген үміт бар.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636