Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
4658 0 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:11

Түркіменстан банктері ұлттық валюта конвертациясын шектеді

Ашхабад банктері ұлттық валюта - манатты шетелдік валютаға конвертациялауға шектеу енгізді.

Осындай шектеу Түркіменстан президентінің сынынан соң енгізілген. 7 шілдеде Гурбангұлы Бердымұхамедов елдегі банк саласының басшыларын "жұмыстағы көптеген кемшіліктері үшін" сынап, қаржы министрін жұмыстан шығарды. Үкіметтің сол отырысында "Президентбанк" пен "Халкбанк" біріккені жарияланды.

Ашхабадтағы дереккөздердің мәліметтері бойынша, астаналық банктер қазір манатты шетел валютасына айырбастамайды.

Банк өкілінің айтуынша, қазіргі таңда банк өз ақшасын ғана конвертациялай алады.

Ашхабад банктері алдында тұрғындар көптеп жиналатын болған. Олар қолма-қол ақшаларын банк карталарына салдырып, сол арқылы конвертациялауға мәжбүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2142
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3788