Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4007 1 пікір 17 Шілде, 2017 сағат 10:17

Иран президентінің інісін қаржы қылмысы үшін ұстады

Иран президенті Хасан Роханидің бауыры Хоссейн Ферейдун қаржы қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы хабарлаған сот өкілі оған нақты қандай айыптар тағылғанын айтпады.

Сот қызметкерінің сөзіне қарағанда, Ферейдунге қатысты бірнеше іс бойынша тергеу жүрігізілген, сонымен бірге оның сыбайластары ұсталған. Ол ел президенті Роханидің көмекшісі болып істеген. Мемлекет басшысы бұған дейін Ферейдун тегін өзгерткен. Елдегі консерватор саясаткерлер оны қаржы қылмыстарын жасаған деп айыптап жүр.

Биыл қаңтар айында парламенттегі топ Ферейдунды экономикалық қылмыстары үшін соттауды талап етті. Осындай ұсыныс жасаушыларды сынағандар мұндай қадамның саяси астары бар деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2052
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4912
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4110