Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2609 0 пікір 8 Қараша, 2010 сағат 05:03

Қазақстанда тікұшақ шығаратын Eurocopter БК-нің қаржыландыру көлемі 11,5 млн еуроны құрайды

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда Eurocopter/EADS–пен бірлесіп тікұшақ шығаратын БК қаржыландыру көлемі 11,5 млн еуро болады, деп «Қазақстан инжениринг ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Компания «Қазақстан инжениринг ҰК» АҚ мен Eurocopter/EADSҚазақстанда ЕС145 тікұшақтарын жинастыратын тең үлестегі БК құру туралы келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды.

«Қол қойылған құжатқа сай, бірлескен кәсіпорын Астанада тікұшақтар жинастырады. БК-ні қаржыландырудың алғашқы көлемі 11,5 млн еуро болмақшы», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.

Ақпараттық баянда айтылғандай, келісімшарт тікұшақтарға техникалық қолдаудың КО аумағындағы, сондай-ақ  бүкіл Орталық Азиядағы жергілікті желісін дамытуды қарастырады.

БК өнімдері алдымен Қазақстан территориясында сатылып, кейін көрші мемлекеттер нарығын жаулап алмақшы.

Аталған техника гуманитарлық мақсаттарға, ТЖ алдын алуға, сондай-ақ мұнайгаз секторында сұранысқа ие болмақшы.

Хабарда ЕС145 тікұшағы заманауи ең озық тікұшақ екендігі айтылады. Ұшақ барлық климаттық жағдайда, оның ішінде Қазақстанда болатын суық жағдайында да ұша алады деп айтылған.

Жобаны іске асыру өндірісті Қазақстанда шоғарландырып, қазақстандық құрамды, технологиялардың трансфертін арттырып, сондай-ақ қазақстандық мамандардың деңгейін көтереді деп күтілуде.

«Қазақстан инжинирнг» ұлттық компаниясы» АҚ мұнайгаз, теміржол, агроөндірістік, жылуэнергетикалық кешенге машинажасау, сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақ жөндеу саласының кәсіпорындарын біріктіреді. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіреді және ҚР қорғаныс министрлігінің басқаруында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5628