Бейсенбі, 1 Қазан 2026
6314 2 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 09:02

Түркіменстанда тағы бір алтын жалатылған Ниязов ескерткіші алынып тасталды

Ашхабадта ішкі істер министрлігі алдында орналасқан Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың ескерткіші алынып тасталды.

Бірнеше ай бұрын ескерткіштің айналасы жөндеу жұмыстарына байланысты қоршалған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткішті демонтаж жасауға төрт ай уақыт кеткен.

Түркіменстан билігі бұрынғы президенттің ескерткішін алу жөніндегі жоспарды осыған дейін хабарламаған. Кейін де түсініктеме бермеді. Жергілікті БАҚ-та бұл жөнінде ешнәрсе жазбады. Алтын жалатылған ескерткіш 2000 жылдың басында орнатылған болатын.

1985-2006 жылдары Сапармұрат Ниязов елді басқарып тұрған уақытта Түркіменстанда оған арнап жүздеген ескерткіш пен мүсін қойылған.

Ашхабадтың орталық алаңындағы "Бейтараптық монументі" жанында орын тепкен ең ірі алтыннан жасалған Түркіменбашы ескерткішін 2011 жылы алып тастады. Ресми мәлімет бойынша ескерткішті сүруге 50 миллион доллар жұмсалған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 217
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 213
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 240