Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4774 1 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 09:56

Трамптың күйеу баласы Ресеймен байланысы барын жоққа шығарды

АҚШ президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі әрі туған күйеу баласы Джаред Кушнер былтыр президент сайлауында Ресеймен байланыста болды деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның сөздерінше, не өзі, не сайлау кампаниясының қандай да бір өкілі Ресеймен қарым-қатынаста болған емес.

Кушнер өзінің жеке бизнесін ресейлік қорлардың қаржыландырмағанын да айтады.

Бірақ ол Ресей өкілдерімен төрт рет байланыста болғанын, олардың ешқайсысы да мән беруге тұрарлық емес екенін мәлімдеді. Бір рет Ресейдің АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Кислякпен былтыр сәуір айында Mayflower қонақ үйінде кездескен. Бірақ Кушнер ол кезде елшімен сөйлеспеген. Екінші рет елшімен желтоқсан айында Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Майк Флиннмен бірге кездескен. Онда Флиннің Трамп екі елдің қарым-қатынасында жаңа бастамалар күтеді дегені ғана есінде қалғанын айтады. Соған қарамастан екінші рет кездесу кезінде оның аты-жөнін ұмытып қалғанын жеткізді.

Кушнер сайлауалды кампания кезінде құпия мәліметтерге қол жеткізу үшін, қандай шетелдіктермен кездескені жөнінде мәлімет бермегенін мойындады. Мәселе ресейлік банкир Сергей Горков жөнінде. Кушнердің сөздерінше, оған өзінің банкі жөнінде айтқан. Банкирдің президент Путинмен достығын білгеннен кейін, Обама тұсында АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасының суып кеткеніне өкініш білдіріп, болашақта жақсаратынына үміт артқан.

Кушнер өзінің мәлімдемесінде 2016 жылы маусым айында адвокат Наталия Весельницкаямен кездесуі жөнінде де айтқан. Онымен кездескенге дейін ресейлік прокурор Трамптың қарсыласы Хиллари Клинтонға қатысты компромат ұсынады деген хабарламаны көрмеген. Ол Сергей Кислякпен кездесуде Мәскеумен құпия байланыс орнатуды ұсынғанын жоққа шығарды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052