Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Билік 6350 4 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 11:35

Жетісулықтар  ЕХРО аясында байқаулар өткізуде

Халықаралық маңызға ие «EXPO-2017»  көрмесін кеңінен насихаттау мақсатында Алматы облысында бірнеше байқаулар өткен. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Ең алғашқы конкурс «ЭКСПО шақырады» деп аталады. Жедел ұтыс ойын ағымдағы жылдың 24-мамыр күні жарияланған. Бұл ұтыс ойынына инстаграм әлеуметтік желісінің қолданушылары қатысты. Байқауға қатысу үшін @gaao2017 және @rsk.almatyobl инстаграмм парақшаларының оқырманы болып, конкурстық постпен өз парақшасына бөлісуі қажет болды. Байқауға 33 адам қатысып, барлығына «ЭКСПО-2017» логотиптері бар кәдесый өнімдері табысталды. Келесі «EXPO-2017 – балалар көзқарасымен» акциясы 1-маусым Балалар күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Аталмыш акция мереке қарсаңында Жастар саябағында өткізіліп, балаларға «EXPO-2017» көрмесі туралы ақпарат таратылып, мерекелік сыйлықтар мен ойыншықтар, брошюралар мен плакаттар табыс етілді», - деді Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының Консалтинг орталығының жетекшісі Сапаров Елдар.

Прогресс пен өңдірістің көрінісі бола білген «EXPO-2017» көрмесі келешекте еліміздің табысты әрі дамыған елдердің алдыңғы қатарында болатына сенімдіміз.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 451
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1673
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 423
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 403