Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2277 0 пікір 11 Қараша, 2010 сағат 13:00

Интернет-конференция: Серғазы Мұхтарбек

Abai.kz порталында тұрақты өтіп келе жатқан интернет-конференцияның форумына қатысып пікір жазған бір оқырманымыз Серғазы Мұхтарбек сияқты азаматтармен сұхбаттасудың сәті бола ма деп сұраған еді.

Серғазы Мұхтарбек - қоғамдық саяси «Қазақстан» апталығының бас редакторы.   Ол кәсіби білігі жоғары журналист ретінде әріптестер ортасында кеңінен танымал. Бүгінгі қазақ баспасөзіндегі жаңашыл бағыт ұстанған жастар легінің бірқаншасы Серғазы Мұхтарбек мектебінен өтіп, танымал есімдерге айналғаны белгілі.

Серғазы Мұхтарбек Алтынбек Сәрсенбайұлымен ҚазҰУ (бұрынғы ҚазГУ) қалашығында   бозжігіт дәуреннің  бозтайлақ күндерін кешті, сөйтіп мемлекеттік қайраткер деңгейіне көтерілген ғазиз досымен мәңгі мұраттас болып қалды.

Осы күнге дейін Серғазы басқарған газеттердің кейбірі қудалауға ұшырап, жабылып та үлгеріпті (бұл жайттарды сұхбат барысында қонағымыз таратып айтып беретін шығар). Бірақ ол азат ой мен сөз бостандығының қылша шатқалдай қиын жолынан бас тартпай келеді. Және сондай азаматтық позициясын жұртқа жария етіп, жарнамалап немесе қара аспанды төндіріп, аяқтағы суға ағып өлердей өңешін созатын әлдекімдерше бұлданып   та жүрген жоқ.

Қалған сөзді Серғазы Мұхтарбек пен оқырман арасындағы еркін сұхбатқа берейік.

Сонымен, интернет-конференциямыздың кезекті қонағы - Серғазы Мұхтарбек. Еліміздегі өткір пікірлі газеттің бас редакторына қояр сауалдарыңыз болса, мархамат, қымбатты оқырман!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5683