Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Жаңалықтар 2387 0 пікір 12 Қараша, 2010 сағат 04:55

Алматыда марихуананың ірі партиясымен есірткі тасымалдаушы ұсталды

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Алматының Әуезов ауданында 4 кг марихуанамен есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.

«Есірткі саудагерін ұстау бойынша арнайы операцияны қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті АІІБ криминалдық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп жүргізіп, кешкі сағат 18-де аяқтады», – дейді дереккөз.

Оның ақпаратына сәйкес, Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында тоқтатылған ВАЗ-2111 көлігінен криминалист 3,9 кг-дан аса марихуана тапты.

«Жигулидің» салонында келе жатқан Қызылорда қаласының еш жерде жұмыс істемейтін 45 жастағы тұрғыны есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1197
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10713