Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2317 0 пікір 13 Қараша, 2010 сағат 08:41

Діни бассыздық тоқтатылмаса Яссауидің кесенесі әжетханаға айналуы мүмкін

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Әулие Ағаштың өртенуі қалың көпшілікті дүр сілкінтті. Біреулер жағасын ұстап, енді біреулер кімді кінәларын білмей дал болып жатыр. Әрине, «әлдебір фанаттардың ісі» дей салуға болар еді. Бірақ, мұндай фанаттардың ісінің жалғаспасына кім кепіл? Бүгін әлемдегі ең үлкен ағаш-Әулиеағашымыз өртенсе, ертең әулиелеріміз мансұқталып,киелі кесенелеріміз кесекке айналып жатса, кімді кінәлаймыз?.. Жатқа жалпақтаудан алдына жан салмайтын, жат діндерге есігі ашық, жат тілдерден төрі босамайтын жалпақшешей билік осылай қарап отыра бере ме?» Жас қазақ үні» газетінің былтырғы Дін туралы заңға өзгерістер енгізу туралы жобаға ұсынысы мен заң жобасының қабылданбауына негіз жоқ екенін дәлелдеп жазған Ашық хатына Конституциялық Кеңестің өзі жауап бере алған жоқ...

Отпен ойнау кімге абырой әпереді? Тарихтан күллі мұсылман жұртшылығына «уахабиттер» деген атпен мәшһүр діни ұйым өкілдері Мекке мен Мединедегі киелі жерлерді де қиратқаны белгілі. Діни ұйымның басшысы Әбділ Уаһаб осы істі өз қолымен бастағанын да мұсылман тарихы жоққа шығармайды. Уахабистер Сауд Арабиясындағы көне әрі қасиетті ескерткіштерінің 90 пайызын жойып жіберген. 1924 жылы Меккені басып алып, Мұхаммед пайғамбардың әйелі және оның ағасы Әбу-Тәліптің мазарларын жермен-жексен еткен. 1926 жылы Мединені өз иеліктеріне өткізіп, пайғамбар ұрпақтарының қорымдарын құртқан. Мұнан кейін Сәлменнің атақты жеті мешіті от құшағына оранды. Ол аздай Алла елшісінің туған үйін әжетханаға айналдырды. Бұл тарихтың сартап беттерінде қатталған жайлар. Әулие Ағаш өртенген кезде бізде де сол бір қатерлі тарихтың басталғанын ұққандай болдық. Енді, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан, Райымбек сияқты тұлғалардың мазарларына шабуыл жасалуы мүмкін. Тіпті, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін іш босатар мәдениет үйі етсе де, таң қалмайсыз. Өйткені, пайғамбарымыздың туған үйін әжетхана еткендер ештеңеден тайынбайды.

Бұған тиісті билік орындары мен Дін істері жөніндегі басқарма не дейді екен? Ал зиялы қауым ше?

«Жас қазақ үні» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5693