Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1713 0 пікір 15 Қараша, 2010 сағат 05:37

ҚР СІМ мен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті әуе транзиті туралы келісімге қол қойды

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Вашингтонда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әуе транзиті туралы келісімге қол қойды, делінген дүйсенбі күні таратылған бірлескен мәлімдемеде.

«2010 жылдың 12 қарашасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов пен мемлекеттің хатшының әскери-саяси мәселелер бойынша көмекшісі Эндрю Дж. Шапиро Құрама Штаттарға Ауғанстандағы американдық және коалиция әскерлерін  қолдау үшін Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы қызметкерлер мен жабдықтар тасымалдауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойды.

Онда атап көрсетілгенде», бұл келісімге қол қою «президент Назарбаев пен президент Обаманың 2010 жылдың 11 сәуірінде Вашигтонда өткен кездесу барысында қол жеткізген уағдаластығын жүзеге асыру нәтижесі» болып отыр.

«Келісім екі елдің аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тырысуларын қолдауға бағытталған, бұл олардың стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келеді», - делінген құжатта.

Құжат қазақстан-американ уағдаластығын кеңейтуге бағытталған, оған сәйкес, АҚШ 2001 жылдан бастап Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы Ауғанстанға транзит ұшуларын жүзеге асырады.

«Бұл келісім АҚШ-қа және оның қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық күштер бойынша әріптестеріне коаллиция күштерін, Ауғанстан үкіметі мен халқын қолдау үшін қажет негізгі көлік бағыттарын кеңейтуге,  және қызметкерлер мен жабдықтарды, сондай-ақ, қамтамасыз ету заттарын жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, Қазақстан жаңа транзит бағыттарға жол аша отырып, «халықаралық күштерге Ауғанстандағы радикалды экстремизмді жоюға және Ауғанстан мен жалпы аймақ аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағалы қолдау» көрсетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3275
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5713