Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1965 0 пікір 16 Қараша, 2010 сағат 07:28

ШЫҰ елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесі 18 қарашада Астанада өтеді

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің денсаулық сақтау министрлерінің 1-ші кеңесі 18 қарашада Астанада өтеді, деп мәлім етті Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

«18 қарашада Астанада Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің бірінші кеңесі өтеді», - деп мәлім етті А. Әбдірахманов дүйсенбі күні брифинг барысында.

Министрліктің өкілі мәлімдегендей, алдағы отырыста ШЫҰ мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамытуға қатысты кең көлемді мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарланған.

«Министрлер медициналық білім, ғылым, инновациялар мен жаңа технологиялар, жұқпалы аурулардың алдын алу және төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету салаларындағы өзара ықпалдастықтың тиімді тетіктерін құру бойынша ұсыныстарды талқылайды», - деп нақтылады А. Әбдірахманов.

«Тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен үкіметтердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы көпжақты ынтымақтастығының жоспары, тұрақты қызмет етуші сарапшылар жұмыс тобының жұмыс регламенті сияқты құжаттардың жобаларын қарайды», - деді ол.

«Денсаулық сақтау министрлерінің кеңесі түріндегі ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың бұл тетігі тұрақты мәнге ие болып, ұйымға мүше елдерде кезек-кезекпен өткізіледі деп жоспарланып отыр», - деді СІМ өкілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5717