Сенбі, 23 Қараша 2024
EXPO - 2017 5214 1 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 08:04

«ЭКСПО-2017» көрмесі: Германия ұсынған «ақылды үйлер»

Бірнеше алаңнан тұратын Германия павильоны «ЭКСПО-2017»  көрмесіндегі ең ірі павильон. 1700 шаршы метр аумақты алып жатқан павильон бірнеше залдан тұрады. VIP-аймақтар, неміс халқының ұлттық тағамдары мен сусындарын ұсынатын мейрамханалар, Германия туралы кәдесыйлар мен базарлықтар сатылатын дүкендер, тб.  Сонымен бірге, павильонда 80 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің 75 пайызы қазақстандықтар болса, қалған 25 пайызы Германиядан келген. Көрме залдарының  бірінен болашақтың қаласы қандай болуы керек деген сауалға жауап алсаңыз, енді бірінде Германия тұтынатын қуат көздерімен танысасыз, келесісі неміс мәдениеті мен асханасын ұсынса, енді бірінде жаңа технологиялардың жетістіктері келушілер назарына ұсынылған.

  

Smartstick электронды кілттері мен Smartpoints баллдары

Германия павильонында табиғат күштерін пайдалана отырып,энергияны өндіру, пайдалану және сақтау, таратудың ақылды тәсілдері, инновациялық технологиялары ұсынылған. Павильонға кіре берісте әр келушіге өзі қалаған тілде кодталған арнайы құрал беріледі. Оны «смартстик» деп атайды, яғни «ақылды таяқша» немесе кілт. Бұл құрал қонақтардың павильондағы жәдігерлерді іске қосып, олар туралы ақпарат алуға көмектеседі. Бірінші павильонда әлемнің үлкейтілген «Болашақ картасы»  макеті орналасқан. Бұнда елімізде Германияның көмегімен салынған жобалар көрсетілген. Немістер болашақта мұнай мен табиғи газдарды пайдаланбай-ақ пластик өндірісін қолға алмақ. Осы және өзге де жаңашылдықтары мен технологиялары туралы бірнеше тілде ақпарат беретін әмбебап қызметкерлері де жетерлік.

Павильонға келушілер бұдан өзге өздері тұтынатын энергиядан да  көп энергия өндіретін үйлер, «ақылды ғимараттар» туралы біраз ақпарат ала алады.

Павильонның кіре берісінде келушілер Германияның негізгі көрікті жерлері мен нышандары туралы фильмдер көріп, ақпарат алады. Сонымен қатар регенеративті қуат көздері туралы біледі.

Болашақта энергия өндіру мен қамтамасыз етуде адамзат алдында қандай мәселелер тұр?

EXPO-2017 мамандандырылған көрмесінде Германия павильоны болашақта қала өмірі қалай өзгереді, қандай көлік құралдарын пайдаланамыз және қандай үйлерде өмір сүреміз деген сұрақтарға болжам жасауда. Бұл жерде сіз «Германияда жасалған» атты арнайы энергетикалық саясаты туралы біле аласыз.

Қабырғаларға ілінген табиғат суреттері жел,  күн, су, жер және биомассаның қуаты мен олардың үлкен әлеуетін, жаңартылатын энергия көздерін көрсетеді.

«Болашақ қаласында» баламалы қуат көздерінің  біздің күнделікті өмірімізге әсеріне бағытталған. Ертеңгі күні қала өмірі қалай болады? Біз қалай өмір сүріп, дамимыз? Осы ретте Германия павильонында келушілер назарына «ақылды үйлер» ұсынылған. Олардың ерекшелігі сол, тұтынғаннан гөрі көп энергия өндіретіндігінде. Сол сияқты «пәрменді үй» жаңа неміс энергетикалық стандарты және электрлі көлік құрылғылары танысытырылуда.

Болашақтың «Ақылды үйлері»

Келушілер «Ақылды үй» жәдігерінің  ішкі құрылысы: терезелері, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, тұрмыстық электроника, тб.  графикалық коллажын көре алады. Электронды кілттің көмегімен келушілер нысандарды қосып, яғни жылыту жүйесі, жарықтың күнделікті электр қуатын тұтынуға қандай әсер беретінін біліп, оны қашықтықтан қалай басқаруға болатынын біледі.

Көрме соңында қонақтар үлкен дөңгелек үстелі бар кеңістікке өтеді. Олар үстел үстіне smartstick құралдарын қойғанда, smartpoint арқылы жиналған энергия ортаға біріктіріліп, лазерлік шоу пайда болады. Қонақтарды таңғалдырған да осы бөлім. Келушілер керемет әсерге бөленеді. Адамдар өз әрекеттері нәтижесінде қоршаған әлем қалай өзгеретінін дәл сол жерде тамашалай алады.

Сарапшылар  Германия павильонын «ЭКСПО-  көрмесіндегі ең үздік бес павильоннның бірі деп бағалауда.

Зарина Әділбек

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371