Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
5336 11 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 09:16

Назарбаев: Ресейге қатысты батыс санкцияларының Қазақстанға да ықпалы болады

FILE PHOTO: Kazakhstan President Nursultan Nazarbayev attends a signing ceremony at the Great Hall of the People in Beijing, China August 31, 2015. REUTERS/Lintao Zhang/Pool/File photo

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні еңбек демалысынан шығып, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Жұмыс кездесуінде Назарбаев үкіметке жақсы нәтижеге жету үшін "қызу" жұмыс істеу керектігін ескертті, өйткені Қазақстан экономикасына Батыстың Ресейге қарсы қабылдаған санкциялары әсер етуі мүмкін.

"Үкімет қызу жұмыс жүргізіп отыр деп есептеймін. Мен жылды жақсы нәтижелермен қорытындылау үшін бәріңізді ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын. Тәуекелді тұстар да жоқ емес. Энергия тасымалдаушыларымызға, шикізат өнімдеріне деген бағаның өзгерісі. Бәлкім, батыстың Ресейге қатысты санкциялары әсер етер. Осыны ескеру қажет", - деді Назарбаев.

Ресейге қарсы жаңа экономикалық санкциялар пакетіне биыл 2 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды. Сол күні Қазақстанның айырбас пунктерінде доллар бағамы 343 теңгеге дейін көтерілді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2345
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593