Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2003 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 05:13

Темірхан Медетбек: «Қазiргi қаламгерлердiң алдында екi жол тұр»

Не өзiңнiң азаматтық ар-намысыңды аяққа таптап, билiкке жағыну, осылайша бiршама материалдық байлыққа қол жеткiзу, не абыройыңды сақтау, бiрақ далада жалаңаяқ қалу

Таяуда «Қазақ журналистерi клубының» кезектi отырысы өттi. Қонаққа елiмiздiң көрнектi ақыны Темiрхан Медетбек келдi. Өнерi мен ой-пiкiрi азаттыққа тұнған ақын қазақ журналистерiмен қоғамдағы көптеген күрделi мәселелер төңiрегiнде ой бөлiстi. Қазақстандағы зиялы қауым мен билiк арасындағы алшақтықпен қатар, ауызжаласқан сыбайластық туралы, ақын-жазушыларымыздың қазiргi хал-ахуалы жа­йында сөз қозғаған Темiрхан мырза қо­ғам­дық-саяси тақырыптарда да өзiнiң пiкiрiн бiлдiрдi.

 

«Қоғамда шешiмi табылмай отырған ұлттық мүдде, мемлекеттiк тiл мәселесi сынды маңызды проблемалар көп-ақ! Ауыл мәселесiн, халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, бүгiнгi би­лiк­­тiң авторитарлы сипатын айтуға болады. Мүйiзi қарағайдай ақын-жазушыларымыз осының бәрiн шешiп таста­ған­дай, өзара дауды неге бас­тады? Әлде жазушылар одағынан басқа тақырып қалған жоқ па?» - деген модератор Жанболат Мамайдың алғашқы сұрағына Темiрхан Медетбек мынадай жауап айтты:

Не өзiңнiң азаматтық ар-намысыңды аяққа таптап, билiкке жағыну, осылайша бiршама материалдық байлыққа қол жеткiзу, не абыройыңды сақтау, бiрақ далада жалаңаяқ қалу

Таяуда «Қазақ журналистерi клубының» кезектi отырысы өттi. Қонаққа елiмiздiң көрнектi ақыны Темiрхан Медетбек келдi. Өнерi мен ой-пiкiрi азаттыққа тұнған ақын қазақ журналистерiмен қоғамдағы көптеген күрделi мәселелер төңiрегiнде ой бөлiстi. Қазақстандағы зиялы қауым мен билiк арасындағы алшақтықпен қатар, ауызжаласқан сыбайластық туралы, ақын-жазушыларымыздың қазiргi хал-ахуалы жа­йында сөз қозғаған Темiрхан мырза қо­ғам­дық-саяси тақырыптарда да өзiнiң пiкiрiн бiлдiрдi.

 

«Қоғамда шешiмi табылмай отырған ұлттық мүдде, мемлекеттiк тiл мәселесi сынды маңызды проблемалар көп-ақ! Ауыл мәселесiн, халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, бүгiнгi би­лiк­­тiң авторитарлы сипатын айтуға болады. Мүйiзi қарағайдай ақын-жазушыларымыз осының бәрiн шешiп таста­ған­дай, өзара дауды неге бас­тады? Әлде жазушылар одағынан басқа тақырып қалған жоқ па?» - деген модератор Жанболат Мамайдың алғашқы сұрағына Темiрхан Медетбек мынадай жауап айтты:

- «Халыққа пайдасы тиетiн көптеген шаруалармен айналысудан гөрi, ұсақ-түйек жұмыстармен шектелдiңдер» деп отырған сөзiңнiң төркiнiн түсiндiм. Осында келерiмнiң алдында осы сұрақтың алдымнан шығатынын да бiлдiм. Жеке басқа табынушылықтың ең озық үлгiсiн танытып жүр­ген Қазақстанда ендi төмен­дегi басшылар өздерi­нiң қарамағындағылардың құл­дық психологиясына «ша­буыл» жасай бастады деуге болады. Бiзде «Ұлт көшбасшысы» деген атақты иеленген бiр «табынушымыз» бар емес пе? Ендi соның артын алып, кез келген мекеме бас­­шысын да төбемiзге көте­рiп, көсемге пара-пар ете берсек, немiз қалмақ? Қолдан көсем жасау мен жалбақтаудың да жөнi бар емес пе? Мен бұрын Жазушылар одағындағы жағдай туралы көп айтқам. Бiрақ одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Содан кейiн мен бұл әңгiмеге бұдан былай араласпай-ақ қояйын деп шешкен ем. Бiрақ жақында өткен конференцияда қабылданған жарғы мен онымен өздерiнiң келiспейтiн­дiктерiн бiлдiрген М.Шаханов, Д.Исабеков, Т.Әбдiков­тердiң қарсылықтарына орай жазылған Нұрлан Оразалиннiң "Ақиқатты бұрмалау - арға сын" деген мақаласын оқы­ғаннан кейiн үндемей қалуды өзiме күнә санадым. Өйткенi, Нұрланның әлгi үш жазушыға кiнә артып, олардың арына салмақ сала сөйлеуi тiптi орынсыз болып көрiндi

Апыр-ау, болашақта «құр­меттi төраға» кiмнiң болатыны жарғыда тайға таңба басқандай көрiнiп тұр ғой. Нұрлан оның несiне шапшиды? Бұрын төраға болған көзi тiрi екi-ақ адам бар. Бiрi - Олжас Сүлейменов, екiн­шiсi - Нұрлан Оразалин. Олжас­ты байлап әкелсең де құрметтi төраға болмайды. Яғни болашақ құр­меттi төраға Нұрланның өзi болады деген сөз. Ол өзiне алдын ала орын дайындап отыр. Орын болғанда қандай! Құрметтi төраға! Вето қою құқығына ие! Ол - одақ мүлкiн қадағалап, оның қаржысын бақылап отырады. Сонда жазушылар сайлаған төрағаға не қалады? Ол тек ұйымдастыру жұмысы мен кадр мәселесiмен ғана айналыспақ. Ұйымдастыру жұмысы дегенi­мiз, қайтыс болған ақын-жазушыларды шығарып салу, әдеби секторлардың жұмысын ұйымдастыру, мерей тойлар өткiзу. Ал кадр мәселесi дегенiмiз, қатардағы әдеби қызметкерлермен жұмыс iстеу. Орынбасарлар құрылтайда сайланып кетедi. Сонымен жаңа сайлан­ған төраға одақ мүлкiн қадағалап, оның қаржысын бақылап отыратын құрметтi төрағаның алдында құрдай жорғалап жүретiн қолбалаға айналады. Бұл - оны қорлау ғой. Өйт­кенi қаржы құрметтi төрағаның бақылауында. Ал қаржы кiмнiң қолында болса, сол - билеушi. Бұл - ежелден келе жатқан заңдылық. Сонымен бiрге бұл жарғыда, бiрден айтайық, болашақ құр­мет­тi төрағаның жеке басының қаржылық мүддесi бар екенi айдан анық көрiнiп тұр. Жарғыны қабылдаған жазушылардың осыны байқамағаны менi таң­ғалдырады. Ол қандай қаржылық мүдде? Мұны ендi арнайы комиссия құрып тексерту керек. Н.Оразалин бұл жарғының арғы астарында не жатқанын бiлiп қойған жазушыларды кiнәлап "Ақиқатты бұрмалау - арға сын" деп мақала жазыпты. Әрiптес­терiне мұндай ауыр сөз айтпас бұрын Нұрлан, ең алдымен, өзiнiң ар- ожданына үңiлiп алу керек едi. Одақты он бес жыл басқарды. Адамда қанағат, шүкiршiлiк болу керек емес пе?! Әлi де сол машина мiнiп, айлық алып, кабинетке ие боп отыра бергiсi келедi. Арлы адам, ұяты бар адам өзiнiң әрбiр iсiне жауапкершiлiкпен қарайды. Нұрлан Оразалин, екi сөзiнiң бiрiнде, кезiнде мен Жазушылар одағын талан-тараждан аман алып қалдым деп сөй­лейдi. Солай-ақ болсын дейiк. Бiрақ ол өзi төраға болғаннан кейiнгi былық-шылықтарға кiм жауап бередi? Мысал ма? Айтайын. Алматы қаласының бұ­рын­ғы әкiмi В.Храпунов "Барахолкадан" Жазушылар одағына жер бердi. Ол жердi Жазушылар одағы "Аягөз" деген көтерме базарға жалға бердi. Онымен бiз келiсiмшартқа отырдық. Оны мақұлдап одақ хатшылары ретiнде Қалаубек Тұрсынқұлов екеумiз қол қойдық. Нұрланның өзi оны газеттер арқылы жалпақ жұртқа жария еттi. Ол келiсiм-шарт бойынша "Аягөз" көтерме базары Шығармашылық үйiн жөндеуге, зейнеткерлер мен жастарға материалдық көмек берiп тұруға мiндеттi болатын. Рас, ол базар әп дегенде одаққа екi-үш көлiк сатып алып бердi. Сонан кейiн жоқ болды. Келiсiм шарт та жоқ, базар да жоқ, жер де жоқ. Айта берсек, сұрақ көп. Шығармашылық үйдiң бүгiнгi қожасы кiм? Белгi­сiз. Егер оны жалға берген болса одан қандай кiрiс түсiп жатыр? Белгiсiз. Он бес гектар алма бағының тағдыры не болды? Белгiсiз. Тiзе берсек, мәселе шаш етектен. Осыны көре, бiле тұра, қалай үндемей қалмақпыз?!».

Ақынның ақтарыла айтқан ақиқатының астарына үңiлген тiлшiлер жан-жақтан сұрақты жаудырды. Қазақтың өнерi мен рухани саласындағы хал-ахуал­ға байланысты ойын « ...әлi де болса, мәдениетiмiз бен әде­бие­­тiмiз дамып, келер ұрпаққа қымбат аманат қалдыратын шығармыз деген үмiтiм бар. Алайда алдына жан салмайтын жағымпаздардың легiн көргенде, ертеңiмнен қатты қорқамын. Өнер, әдебиет, мәдениет үшiн деп қаржы бөлiнудей бөлiнiп жатыр-ақ. Өкiнiшке қарай, сол ақшалар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетуде. Мiне, сондықтан да мәдениет саласының кенжелеп, кейiн қалып отырғаны» деп түйiн­дедi. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың жағымпаздығы туралы да сөз болды. «Өзiңiз «алтын­көпiрлiк» атаған Маралтай президентке арнап тұтас поэма арнады. Бұған қалай қарайсыз?» деген журналистiң сауалына Т.Медетбек былай дедi: «Кезiн­де Маралтайды жоғары бағалағаным рас. Ашығын айтқанда, одан мұндайды күтпеп едiм. Поэмасы туралы естiдiм. Адуынды, дарынды ақынның сонша төмендеуiне бола ма? Масқара! Маралтайдан ондай шығады десе, ешуақытта сенбес едiм. Екiншi жағынан, бұл Маралтайға ғана тән дерт емес. Мемле­кеттiк сыйлық, атақ-абырой алу үшiн ақын-жазушыларға қойылатын негiзгi талап - «елбасын» мадақтау. Олай етпесең, үкiмет сенi бағаламайды. Сонда олар қайтпек? Қазiргi қаламгерлер­дiң алдында екi жол тұр: не өзiңнiң азаматтық ар-намысыңды аяққа таптап, билiкке жағыну, осылайша бiр­ша­ма материалдық байлыққа қол жеткiзу, не абыройыңды сақтау, бiрақ далада жалаңаяқ қалу. Басқа жол жоқ».

Қазақстанның саяси жағдайына байланысты да ақынның айтары аз болмады. «Өркениет­тi елдiң бiрде-бiреуiнде тiл мәр­тебесi туралы проблема жоқ. Сiрә, жер планетасы бойынша тек қана Қазақстан деген жалғыз мемлекет қана шығар, жиырма жыл бойы тiлiн тұғырына қондыра алмаған! Осыдан бiр жыл бұрын М.Шахановтың бастамасымен өткiзiлген мемлекет­тiк тiлге арналған iс-шараға Алматыдағы ең үлкен сарайда адам легi көп жиналған едi. Биыл ше? 200 адам келдi. 10 шақты ақын-жазушы қатысты. Бiрде-бiр партияның жетекшiсi жоқ! Ал бұлай бола берсе, келер жылдары не болмақ? Сұмдық емес пе?!».

Т.Медетбек мемсыйлыққа ақын-жазушылардың неге сонша таласқанын түсiнбейдi. Ал осы сыйлықты өлiлер мен тiрiлер арасында алалап бердi деп дау шығарғандар үшiн өкiнiшiн де жасырмады. Қазақ өнерiне зор үлес қосқан Шәмшi, Жұмекен сияқты тарландармен таласуды артық санайтын Медетбек жалпы атақ-марапатардың орынсыз берiлетiндiгiн де айтты. Дәл осы күнi алаштың азаматы Заманбек Нұрқадiлов­тiң қайтыс болғанына бес жыл толған едi. «Заманбек пен Ал­тын­бектiң өлiмiне қатысты зиялылар неге қыңқ демейдi» деген сауалға Темiрхан мырза iрiп-шiрiген қазiргi билiк тұрғанда, қапылыста айырылған арыстарымыздың ақысын сұрау мүмкiн еместiгiн жеткiздi. «Заманбек те, Алтынбек те - тамырынан шiрi­ген жүйенiң жазықсыз құр­бан­дары. Бiрақ шындықтың әйтеуiр ашылатынына сенемiн. Зиялылар неге үнсiз? Иә, бiз үнсiзбiз. Себебi, халықтың өзi енжар емес пе? Қанша айттық, жаздық! Қозғалып жатқан ешкiм жоқ. Заманбектiң құнын сұрап, қазiр-ақ алаңға шығамын. Қасыма басқа да ақын-жазушыларды да қосып алайын. Бiрақ халық шыға ма? Шықпайды!» - деп ойын түйдi. «Демек, ақын-жазушылардың артынан халық ермейдi ғой?» деген модератордың сауалына қонақ «бүгiн және дәл қазiр ермейдi» деп жауап қайырды. Сонымен қатар, ақын Маңғыстаудағы жағдайға қатысты да өз пiкiрiн бiлдiрдi. «Маңғыстау - бомба! Егер ол жердегi жағдайды бүгiн шешпесе, ертең кеш болады. Мен бұл аймақта ұзақ жылдар бойы еңбек еттiм. Елдi жақсы бiлемiн. Өзендегi жағдайды еске алыңыздар. Соның қайталануы бек мүмкiн. Бүгiн олардың әлеуметтiк жағдайы ғана емес, экологиялық ахуалы да нашар. Үстiне ракета түсiп жатыр. Халық бұған төз­бейдi. Көтерiлiп кетедi. Сондықтан осы iстi бүгiн шешу керек», - дедi Т.Медетбек.

Сөз соңында клубтың алған бағыты мен алдына қойған мақсаттарына жету үшiн «уайымдарың көп болсын» деп тiлегiн бiлдiрген ақын аға аңтарылған жастарға қарап : «Адамның басында неғұрлым уайым көп болса, сол уайымын жеңу үшiн соғұрлым алға қарай жылжи түседi, әрекет етедi. Ал уайымсыз, енжар адам - ең қорқынышты жан», - дедi.

Келесi аптада «Қазақ журна­листерi клубы» қырғыз елiне арнайы сапарға шықпақ. БАҚ өкiл­дерi Бiшкекте қырғыз парла­ментiнiң депутаттарымен, бел­гiлi саясаткерлерiмен және сая­си партия жетекшiлерiмен кездеспек. Қырғыз елiндегi қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық ахуалмен таныспақ ниетте.

 

Меруерт Кеңесбекқызы

 

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708