Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Дін мен тін 4398 1 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 10:03

Діни бірлестіктердің жетекшілері бас қосты

«Алматы облысының дін істері басқармасы» мен «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың тамыз аяында Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы №24 лицейдің кітапханасында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған  тұжырымдамасын талқылау мақсатында Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының отырысы өтті.

Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді  ұстанушылар арасында конфессияаралық  және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту, мемлекет басшысының Рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жолдарымен ой бөлісу және іске асыруға  ат салысу.

Отырыста Қазақстандағы діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас сұрақтары, сондай-ақ дінаралық диалог пен келісімді сақтау және  нығайту  мәселелері талқыланды.

Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Ардагерлер ұйымының төрағасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, Казақстан халқы Ассамблеясы  өкілі,  Жастар  саясаты  мәселелері  басқармасының  өкілі, өңір дінтанушыларының қатысуымен өтті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 910
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594