Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1829 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 07:01

Парламент 2011-2013 жылдарға республикалық бюджетті қабылдады

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырысында ҚР «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджеті туралы» заңына сенат ұсынған түзетулермен келісті. Осылайша, парламенттің регламентіне сәйкес, заң қабылданды деп саналады және мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Сенаторлар құжатты қарау барысында 125 түзету енгізген.

«Үкіметтік резервті 24,9 млрд теңгеге қысқартуға және бірқатар бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды қайта қарауға байланысты 12,7 млрд теңге көлемінде қосымша сома қалыптасты. Осының нәтижесінде қалыптасқан 37,6 млрд теңге қосымша қаржы қажет салаларға бөлінді», - деді Қайрат Ищанов депутаттарға енгізілген түзетулердің мәнін түсіндіре отырып.

Заң жобасын таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішев «ЖКС прогрессивті шкаласын енгізу мерзімін ауыстыру туралы қабылданған шешімге байланысты бұл бюджеттің негізгі өлшемдеріне әсер етті» деді.

Министрдің ақпараты бойынша, осылайша, республикалық бюджеттің кірістері Т8,3 млрд-қа қысқарып, 2010 жылңа нақтыланған жоспармен салыстырғанда Т523,6 млрд (15%) өсіммен  Т4 трлн 41 млрд құрады. 2012 жылғы түсімдер Т4 трлн 365 млрд; 2013 жылға Т4 трлн 707 млрд құрайды.

«Республикалық бюджеттің 2011 жылғы шығыстары осындай көлемдегі қысқарумен Т4 трлн 644,8 млрд құрады; 2012 жылға - Т4 трлн 947 млрд; 2013 жылға Т5 трлн 152 млрд құрайды», - деді Б. Жәмішев.

Дефицит бұрынғы деңгейде қалады.

Бұрын хабарланғандай, республикалық бюджеттің дефициті 2010 жылғы ЖІӨ-нің   4,6% -ынан 2013 жылы 1,5%-ға қысқартылды.

«Республикалық бюджеттің дефициті бірте-бірте 2011 жылы ЖІӨ-нің 2,8%-ына, 2013 жылы ЖІӨ-нің 1,5%-ына дейін қысқарады», - деген болатын К. Мәсімов «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген жиналысы барысында.

2010 жылғы бюджет ЖІӨ-ге 4,6% дефицитпен бекітілген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5704