Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2300 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 14:51

Интернет-конференция: Жарасбай Сүлейменов

Мәжілістің мінберінен елдің сөзін айтып, батыл мәлімдемелер жасап жүрген Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов мырза Аbai.kz ақпараттық порталының интернет-конференциясының кезекті қонағы болып, оқырмандарымызбен ой бөлісіп, көкейдегі сауалдарына жауап беруге ықылас танытып отыр. Жарасбай Сүлейменов мырзаға қояр сауалдарыңыз болса, іркіліп қалмаңыз, қадірлі оқырман!

«Абай-ақпарат»

Өмірбаяны

Жарасбай Қабдоллаұлы Сүлейменов 1949 жылдың 9 ншы шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының  Шал ақын ауданына қарасты Балуан ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Балуан  сегізжылдық мектебін аяқтағаннан кейін оқуын облыс орталығы - Петропавл қаласындағы № 2 қазақ мектеп-интернатында жалғастырып, оны 1966 жылы  тәмамдап шықты. Мамандығы бойынша тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, Петропавл педагогика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын өзінің туған ауылында шопан, тракторшы болып бастаған Жарасбай Сүлейменов әскери міндетін өтегеннен кейін Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты. Кейін осы газетте әдеби қызметкер, тілші, бөлім меңгерушісі міндеттерін атқарды.

1987-2003 жылдар аралығында «Қазақстан теледидары мен радиосы корпорациясы» жүйесінде қызмет істеді. Солтүстік Қазақстан облыстық радиосы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, қазақ радиосының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі, Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының ақпараттар бағдарламасының жетекшісі, бас редакторы, директордың орынбасары болды.

2003 жылдың мамыр айында «Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеті мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның» директоры - бас редакторы болып тағайындалды.

2007 жылғы 18 тамызда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

Жарасбай Сүлейменов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көп жылдардан бері қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеумен айналысып келеді. 2005 жылы оқырмандарға ақын туралы жазылған әдеби зерттеулерді құрастырып, қазақ және орыс тілдерінде «Мағжан» деген атпен ұсынды. 2006 жылы көрнекті қазақстандық жазушы И.П. Шуховтың 100 жылдығына орай Мәскеуден естеліктер кітабын шығарды. Сол сияқты ол құрастырған қазақтың белгілі ақыны Есләм Зікібаевтың таңдамалысын да жыр сүйер қауым жылы қабылдады.

Жарасбай Сүлейменов - 2007 жылдан шыға бастаған «Мағжан» журналының редакциялық кеңесінің төрағасы, «Көмескі із», «Еменнің иір бұтағы», «Сөнбейтін шырақ» деп аталатын кітаптардың авторы.

Жарасбай Сүлейменов - Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, екінші дәрежелі «Достық» орденімен, екі медальмен марапатталған, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708