Бек Датұлы. Қазақстан азаматтарына өзбек соты қайыр қылмайтын секілді
Қарақалпақстанның жоғарғы сотында ісі қаралып жатқан 27 қазастандық азаматқа келесі аптада үкім шығарылады. Бұл туралы Ташкендегі «Ханум» адвокаттар кеңсесінің адвокаты, Қарақалпақстандағы жоғары сотта аталған жерлестеріміздің алтауына қорғаушы болып жүрген Асан Асқаров zona.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
Адвокат мызрзаның мәлімдеуінше, қазақстандық азаматтардың кейібірі кінәсын мойындаған жоқ, кейбірі ішінара тағылған айыппен келіскен. Яғни, шекара сызығын әйгілейтін ала бағананы байқамай білместіктен өзбек жағына өтіп кеткенін ағынан жарыла ақтарып салған. Алайда, осының өзі өзбек сотына біраз ермек болайын деп тұр. Ермек дейміз-ау, көршіміздің заңы бойынша қылмыс жасауға ниет ету қылмыс жасағанмен бірдей бағаланады. Демек, қазақстандық азаматтарды 8 жылдан 15 жылға дейін түрме жазасы күтіп тұр. Адвокаттың әңгімесінен жерлестеріміз жарық күнді көруге зар болып отырғанын білдік. Олар қамауға алынғалы ешкіммен кезікпеген. Өйткені, демократияны ала шапанның қойнына тығып алған өзағаңның құрып кеткір заңы солай. Тек соттың үкімі оқылған соң ғана жүздесуге мұрсат береді.

Қазақстандық азаматтар Өзбекстан ҚК-нің 223-бап, 2-бөлімі, 169-бап 4-бөлімі және 182-бабы бойынша айыпталуда. Қызық болғанда, қызды-қыздымен өзбек жағы әуелде бұлардан 118 млн. өзбек сомын өндіріп алмақ болған. Жауапкер тараптың қарсылығынан соң материалдық шығын ретінде 6 тонна солярканың құнын сұраған. Ол отын көліктерді Нүкіске апарғанда шығындалған көрінеді. Өзге түгіл өзін аямайтын өзағаңның қатал режимінің темір шеңгеліне абайсыз ілінген қазақстандық азаматтар туралы әлем БАҚ-тары жарыса жазып жанашырлық танытып жатқанда біздегі ресми билік әлі күнге бір рет мәу деген емес. Адвокат мырзаның айтуынша, айыпкерлердің туыс-туғаны Ақтөбенің әкімшілігіне ағайынға араша түсуді сұрап арыз айтыпты. Бірақ «жаны ашымастың қасында басың ауырмасынның» күйін кешкен секілді. Әйтпесе, дипломатиялық тетіктерді іске қосып өзбек сотының Қазақстан азаматтарына қатысты жеңілдеу жаза қолдануын сұраса ешкім де тонын шешіп алмас еді.
Тағы бір түйіні белгісіз түйткіл қазақстандықтардың жазасын қайда өтейтініне байланысты. Өзбектер өз елінде қалғанын қалайды, заңы солай. Біздегілер былқ етпесе солай болатын-ақ шығар.