Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2055 0 пікір 19 Қараша, 2010 сағат 04:34

Алматы қан-жынға толып кетті

Құрбандыққа мал шалуды ниет еткен Алматы қаласы мұсылмандарының басым көпшілігі айттың бірінші күні жапа-тармағай базарды бетке алды. Осы сәтті өз пайдасына тиімді пайдаланып қалушылар қарасы да аз болған жоқ.

Бірі - сатушы, екіншісі - бата беруші, одан әрі - мал союшы, ішек-қарын тазалаушы, бас үйітуші, тағысын-тағы... Бәрінің мақсаты біреу ғана - пайда табу. Бір сөзбен айтқанда, ине шаншар жер жоқ. Алматы қаласындағы "Каменка" база­ры­на Құрбан айттың алғашқы күні барып, көргеннен көңілге түйгеніміз - құрбандық шарт­тарының сақталмауы болды.

Басынан бастасақ, ең біріншісі - мал бағасының ай­тарлықтай қымбаттағаны. "Оны қойшы, бір рет шалынатын құрбандық қой" десең, ал қалғанына не уәж айтарыңды білмейсің.

Құр­бандық шарты бойынша шалынатын мал­дың бар мүшесі сау болуы керек. Бірақ сатылып жатқан малдардың құлақтарында ені бар, енді бірі мүлдем шұнақ, құлақтары бүтін емес. Алайда ол талапты сақтап отырған сатушыны да, алушыны да бай­қау қиын. Ол тіпті мүмкін де емес сияқ­ты. Өйткені сен таңдағанша екінші біреу алып кете барады.

Тек бірен-саран сатып алу­шылар қынжылыс білдіріп жат­ты. Ал мал­ды алған соң, оны сойдыру ке­рек. Бұл амал батадан басталады.

Құр­бан­дық шар­ты бойынша батаға ақы алмау керек. Бірақ күн­делікті батаға 500 теңге алатын "биз­нес" ақсақалдар бата бағасын 1000 тең­ге­ге көтеріп жіберіпті. Ең сорақысы: мал сою­ды білмейтін жалған қасапшылар (өз­де­рінің айтуларына қарағанда, ақша та­бу­ға келген студенттер) 3000 теңгені алып, малды әп-сәтте жұлым-жұлым етіп, ие­сіне табыс етіп жатыр.

Олардың мақсаты - жылдам сойып, көбірек ақша табу. Тіпті баз біреулері малдың қанын толық ағы­зып, жаны шығуын күтпей, басын кесіп, әлі тірі жатқан малдың терісін сыпырып жа­тыр.

Бұл сұмдық мұнымен бітіп жатқан жоқ. Қойдың ішкі ағзаларын тері үстіне тас­тап жатқан қасапшы бір мезетте қой терісінен айырылып, мал ағзасы то­пы­рақ­қа малынып қалуда.

Себебі тері сатып, пай­да табуды көздеген бәсекелестер көзді ала бере ағзаны аударып, теріні алып кетіп жа­тыр. Ішек-қарынды жуып жатқандар да суды бірнеше қайтара пайдалануда. Не талап, не тазалық сақталып жатқан жоқ.

Ал мұның күнәсін кім көтермек? Қасиетті Құр­бан айт күні қасиетті, иманды ұмытып, ақ­шаның құлына айналғанымыз қалай?

Махамбет Құлмұхамед, Алматы қаласының бас имамы:

- Өкінішке қарай, осындай келеңсіз жағ­­дайлар орын алып жатыр. Құр­бан­дық шалудың талабы бойынша та­за­лық сақталу керек. Малды ба­уыз­да­ғанда құбылаға қаратып, екі қан та­мы­ры кесіліп, қаны толық ағуы, малдың қи­­налмауы шарт.

Осы жағдайларды қа­­дағалауды жергілікті мешіт имам­да­ры­на тапсырған едік.

Бірақ базардағы аға­­йынның арасынан сөзге құлақ аса­тын жанның табылмағанына имамдар қын­­жылыс білдіріп қайтты. Құрбан айт өт­кен соң сол күндері жіберілген кем­ші­­ліктер талқыланып, ұсыныстарды қа­­ла әкімдігіне жолдаймыз.

Құрбан айт қарсаңында көше­лер­дегі жар­намаларда тұрған жалаңаш қыз­­­дар­дың суреттерін алып тастау ту­ралы ұсыныс айтқан едік. Қала әкімінің орын­басары С. Сей­думанов мырза өті­нішімізді қабыл алып, ондай суреттерді ал­дырып тастады.

Демек, алдағы уа­қытта Алматы қаласы әкім­дігі та­ра­пынан мал соятын орындар ашу жайы оң шешімін табар деп үміт­те­неміз. Мұны бақылап, не реттеп жатқан базар әкім­шілігі мамандарының да қарасы кө­рін­беді. Әркім өз білгенін істеп бағуда.

Қай жер бос болса, сол жерге малды жыға са­ла сойып жатқандар.

Әрине ниет етіп, құрбандық ша­лу­шы­лар­дың кінәсі жоқ. Олардың талап қоюға мүм­кіншілігі де жоқ.

Өйткені талап қоямын де­сеңіз, құрбандық шалудан құр қаласыз. Кімге талап қоюды да, кімді жазғыруды да білмейсің. Бір өкініштісі, бұл жылда қайталанып жат­са да, қорытынды шығарып, мәселені реттеуді ойлап жүрген ешкім жоқ. Баяғы жар­тас - сол жартас.

"Nur.kz" cайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5683