Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3884 3 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 15:24

Президент Назарбаев РФ Үкіметінің төрағасы Медведевті қабылдады

 

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуде экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты. Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді. «Біз достас Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл - шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Бүгін біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай, қарқынды түрде дами түседі деп сенемін», - деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы.

Абай-ақпарат 

 

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2532
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663