Дональд Трамп Шарлотсвилдегі нәсілшілдікті айыптады
АҚШ президенті Дональд Трамп Шарлотсвилде нәсілшілдіктің пайда болуын айыптап, қақтығысқа қатысқандардың бәрі жауапқа тартылады деп мәлімдеді. Ол нәсілшілдік – бұл барып тұрған жауыздық деп атады.
Трамп тағы да өшпенділікті, фанатизм мен зорлық-зомбылықты айыптады.
"Кімде-кім ақ нәсілділерді артық санап, Ку-Клус-Клан, неонацистер арқылы зорлық-зомбылыққа шақыратын болса, олар қылмыскерлер мен баскесерлер болып табылады", - деп атап өтті АҚШ президенті.
Трамп АҚШ-тың әділет министрлігі көлікпен қалың топты басып өткен оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 20 адам жараланған болатын. Президент елде тәртіпті қалпына келтіремін деген сайлауалды уәдесін еске салды.
12 тамызда Вирджиния штатының Шарлотсвил қаласында әсіре оңшылдар мен олардың қарсыластары арасында қақтығыс орын алған.
Abai.kz