Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 13592 13 пікір 15 Тамыз, 2017 сағат 09:14

Оралда белгісіз біреулер маған киберлік шабуыл жасады

Abai.kz ақпараттық порталының электронды почтасына журналист Талғат Қатауовтың Қазақстан  Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановтың, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың атына "Оралда белгісіз біреулер маған киберлік шабуыл жасады" деген тақырыпта мақала келіп түсті. Бұл автор Abai.kz ақпараттық порталына үзбей мақала жазып, батыстағы тұрақты авторы болып жүргендіктен жайдың анық-қанығын құзіретті органдар тексере жатар деген ниетпен материалды толық жариялап отырмыз. Қарсы тараптың, я ресми мекемелердің айтары болса, оларға да мінбер беретінімізді ескертеміз.

Abai.kz ақпараттық порталы 

Қазақстан  Республикасының

Бас прокуроры Ж. Қ. Асановтың

                ҚР Ішкі істер министрі 

Қ. Қасымовтың НАЗАРЫНА!

Орал қаласында Темір жол вокзалы алдында ілінген 10 дана ҚР Мемлекеттік Туының біреуі көптен бері жыртылып, төмен қарай салбырап тұрғанын және қалғандары күн көзінен әбден түсі өзгергенін көріп жүрдім.  БҚО ішкі саясат басқармасы қызметкерлері еш шара қолданбағасын, Туымыздың қорланып тұрғанына патриоттық рух жібермей,  қолыма қалам алып, 2017 жылдың 2 тамыз күні "Abai.kz" ақпараттық порталына: «Жыртық туды ауыстыру үшін Елбасы Оралға келуі керек пе?» атты мақала жазған болатынмын. Келесі күні, яғни 3 тамыз 2017 жылы  осы мақаламнан кейін Орал қаласындағы Темір жол вокзалындағы 10 дана Туымызды түгел жаңасымен ауыстырып қойған. Алайда, осы сын мақаламнан кейін маған қарсы телефон арқылы қорқыту-үркіту, арандату және менің намысымды қорлау көбейді. Мен болып әлеуметтік желілер: «фейсбук», «ВК» және «ватцапта» менің толық мәліметімді және байланыс телефонымды жазып, ар-ожданымды қорлайтын, қадір-қасиетімді түсіріп, беделіме үлкен нұқсан келетін жалған мәліметті қасақана салып, таратып отыр. Нақтырақ айтсам:

1. 2017 жылдың 6 тамыз күні, 8775-737-48-30 нөмірлі телефон арқылы белгісіз ер адам телефон шалып, «келесіде сын-мақала жазсаң, ажалыңнан бұрын өлесің, өлімің бізден болады» деп, көпше түрде айтты. Кейін осы нөмірдегі 8775-737-48-30  ватцап арқылы аудиоқоңыраумен бірнеше мәрте телефон соғып, «жолдан өткенде сақ бол, бауырларыңды ойла» деп қоқан-лоқы жасап, маған үрей туғызды.

2. 2017 жылдың 7 тамыз күні менің ватцабым бұзылып, 10 минуттай ватцабым уақытша жасамай қалды. Ертесі күні, яғни 8 тамызда менің ватцабымдағы құрдастар нөмірін жинақтап, «1988 жылғы түлектер» деп жалған группа ашып, мен болып біреулермен жаман сөздер жазысқан, скриншоттарын өтірік группаға жіберген. Бұл группаның админі болып, маған телефон соғып, мені қорқытқан жоғарыдағы нөмір 8775-737-48-30 жазулы тұр.

3. 2017 жылдың 9  тамызында менің толық мәліметімді, аты-жөнім мен байланыс телефонымдарымды жазып, «Kolesa.kz» автокөлік сату сайтына мен болып досымның «Хундай Акцент» маркалы автокөлігі сатылады деп жалған жарнама беріпті.

4. 2017 жылдың 10 тамызында менің толық мәліметімді, аты-жөнім мен байланыс телефонымдарымды жазып, «Krisha.kz» жылжымайтын мүлік сату сайтына мен болып, қарындасымның үйі сатылады деп, менің атымнан жалған жарнама берген.

5. 2017 жылдың 10 тамызында әлеуметтік желі «Фейсбукта» менің толық мәліметімді, аты-жөнім мен байланыс телефонымдарымды жазып, фотоларымды қойып, мен болып, менің ар-намысыма тиетін, беделімді түсіретін жалған өлең шығарған.

6.   2017 жылдың 10 тамызында менің толық мәліметімді, аты-жөнім мен байланыс телефонымдарымды жазып, әлеуметтік желі «ВК»-да, мен болып, менің ар-намысымды таптап, қадірімді қорлайтын «гейлер группасын» ашқан және маған хабарласыңдар деп жазыпты.

7. 2017 жылдың 10 тамызында «yvision.kz» сайтында: «Талғат Катауов сіз кімсіз, халық жанашырысыз ба, әлде алаяқсыз ба?» деген авторы жоқ, еш шындыққа жанаспайтын жалған мақала жариялады.

Бұл жоғарыда дәлелмен келтірген жағдайды, менің  қорланып тұрған Мемлекеттік Туды қайта жаңартуға үлес қосқан сын-мақалама тікелей қатысты деп нақты айта аламын. Себебі, мені жек көретіндей, мені көре алмайтындай жеке бизнесім жоқ, діни ұйымдар мен  қылмыстық топтарға еш қатысым жоқ. Өмірде ешкімнің ала-жібін аттамаған, қарапайым Қазақстан Республикасы азаматымын.

2016 жылдың күзінде "Abai.kz" ақпараттық порталына «Оралда ассамблеяның туы төмен түсірілді» атты мақалам шыққанда да белгісіз біреулер телефон арқылы үрей туғызып, кейін фейсбукта мен болып парақша ашып, менің арымды қорлайтын, әр түрлі әдепсіз сексуалдық әңгімелер жазып еді. Ол жағдай туралы 2017 жылдың 6 қаңтарында Орал қаласы Шаған ІІБ арыз жазып шағымданған болатынмын. Бірақ, ешқандай нәтиже болмады және ешқандай жазбаша жауап бермеді. Енді соңғы жағдай туралы тағы да Шаған ІІБ-не 2017 жылдың 11 тамыз күні арыз жаздым. Алайда, тағы да еш нәтиже бермейтіне көзім толық жетіп отыр. Сол себепті, "Abai.kz" ақпараттық порталы арқылы Сіздерден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын.

Қазақстан Республикасы Конституциясында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Конституциялық құқығымды пайдалана отырып, менің адамдық абыройы мен қадiр-қасиетiмді телекоммуникациялар, желілері арқылы  әдепсiз түрде кемсiтіп отырған белгісіз адамды тауып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бабтарына сай жауапкершілікке тарту үшін ықпал етіп, менің арызымда жазылған жайды жоғары техникалық құралдары арқылы егжей-тегжейлі тексеруге ықпал етулеріңізді сұраймын.

Талғат Қатауов, Орал қаласының тұрғыны 

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068