Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2704 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 06:09

Өскемендегі көрмеге 60-тан аса самауыр ұсынылды

Өскемен. 22 қараша. ҚазТАГ – Өскеменде Шығыс Қазақстанның этнографиялық мұражайының қорларынан және жеке коллекциялардан алынған самауырлардың көрмесіне жасы 100 жылдан асқан экспонаттар қойылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстанның этнографиялық мұражай-қорығының қызметкерлері.

«Бұл көрменің ерекшелігі – өткенге, ата-бабаларымыздың заманына оралу мүмкіндігін беретіндігінде. Ол кезде самауыр әр үйде қажет зат қана емес, сонымен қатар, шай басындағы отырыстардың, тойлардың жаны болған», - дейді мұражай директоры Тамара Быкова.

Көрмеге 60-тан аса самауыр ұсынылып отыр, оның ішінде үлкен отбасыларға арналған (шелекті), шағын (1 стакандык), трактирлік, жорық самауырлары, зайырлы және қарапайым халық пайдаланған самауырлар бар.

«XVII ғасырда Ресейге шай әкелінгеннен кейін самауыры бар алғашқы отбасы көпестер Строгановтар болған. Сол кезден бері самауырды ортаға қойып, шай ішу барлық сословиелердің ажырамас бөлігіне айналды. Бастапқыда самауылар Тулада жасалды, кейін Мәскеуде, Ярославльде және басқа қалаларда да шығарыла бастады», - деді Т. Быкова.

Көрмеге самауырлардан басқа, мұражай қызметкерлері Шығыс Қазақстанның аудандары бойынша этнографиялық экспедициялары кезінде тапқан шай бұқтыру шәнектері, шай жұптары, пиалалар, сервиздер, қасықтар, майлықтар ұсынылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641