Интернет-конференция: Талғат ТЕМЕНОВ
Есімі көпке мәлім режиссер, халық артисі, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бүгінгі Көркемдік жетекшісі және директоры Талғат Теменов мырза интернет-конференциямыздың қонағы болып отыр. Ол «Abai.kz» порталының оқырмандары тарапынан болатын барлық сауалдарға жауап беруге әзір екендігін айтады.
23 қараша - қазақ киносы мен театрының танымал тұлғасына айналған Талғат Теменовтың туған күні. Оқырман қауым интернет-конференция барысындағы мүмкіндікті пайдаланып, туған күн иесін құттықтап жатса, оған да мархамат!..
Өмір-дерек:

Талағат Теменов 1954 жылы 23 қарашада Алматы облысы, Шелек ауданындағы Малыбай ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1972 - 1976 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мем-лекеттік консерваториясының театр факультетінің кино және театр арти-сі бөлімінде оқып, актерлық мамандығын алған соң, 1976-1980 жылдары Талдықорған облыстық драма театрында жұмыс істеді. Шығармашылық ізденіс, кино өнеріне құштарлық оны «Қазақфильм» киностудиясына алып келді. Онда режиссердің көмекшісі және сценарист болып қызмет етті. 1982 - 1986 жылдар аралығында Мәскеудегі Сценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсында Сергей Соловьевтің шеберханасында білім алды. 1988 жылы «Мосфильмде» «Адамдар арасындағы бөлтірік» фильмін түсірді. Ол түсірген «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті», «Қаза-дан кейінгі жаза» фильмдері әлденеше халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болды.
Талғат Теменов: 1994 - 2000 жылдар аралығында Т. Жүргенов атындағы Театр және кино институтының ( қазіргі Өнер Академиясы ) ректоры және 2000 - 2003 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.
Ол:
- 1986 жылдан Қазақстан Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты;
- 1993 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
- 1998 жылдан Қазақстан Республикасының халық артисі.
- 2005 жылы ҚР-ның «Құрмет» орденін иеленген.
- 2006 жылы «Алтын адам» атанған.
Т. Теменовтің соңғы кезде жазған «Көгілдір такси», «Алма бағы», «Мулен Ружға шақыру» пьесалары республика театрларының біразында қойылып, көрерменін көзайым етіп келеді.
Ал, оның актер ретінде сахнада сомдаған Қалдан Серен ( Т. Қалилаханов ,,Алтын бесік,, ), Жантай ( Ш. Айтматов ,,Жәмилә,, ), Хайдарбек ( Қ. Мұхамеджанов ,,Өзіме де сол керек,, ), Хлестаков ( Н. Гоголь ,,Ревизор,, ) сияқты образдары кезінде қазақ сахна өнерінің өресін биіктеткен бейнелер болды.
Талғаттың диплом жұмысы ретінде түсірген ,,Торо,, ( Киев, ,,Жастық-86,, кинофестивалі ), ,,Адамдар арасындағы бөлтірік,, ( Германияда өткен халықаралық фестиваль, 1999 жыл ) бірден бірнеше жүлделерді иеленді.
Қазақ кино өнері үшін белесті кезең болып табылатын ,,Көшпенділер,, фильмінің көркемдік поэтикалық болмысындағы мерей-мәртебені өсірер көріністер, сөз жоқ, ең алдымен Т. Теменовтің табандылығы мен дарынының жемісі...
Т. Теменов 2005 жылдың 25 тамызынан бері, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Көркемдік жетекшісі және директоры қызметін атқарып келеді.