Өскеменнің патруль қызметінің төрт жауынгері қылмыскерлерді тез арада ұстағаны үшін грамоталармен марапатталды
Өскемен. 23 қараша. ҚазТАГ – Өскемен көшелерін патрульдеп жүріп, қылмыскерлерді тез арада ұстағаны үшін екі полицей мен ішкі істер әскерлерінің екі жауынгері Өскемен ІІБ бастығының грамотасымен марапатталды, деп Шығыс Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Құрамында полицейлер Дархан Таиров, Ерлан Қасенов, сондай-ақ ішкі әскер жауынгерлерлері Ернұр Мағауянов пен Руслан Әбішевтер бар патруль 13-ші қарашада орталық базар территориясында екі жасөспірімге назар аударады. Сыртқы пішімдері бойынша олар осыдан бірнеше сағат бұрын оқушылардан ұялы телефондарын тартып алған қылмыскерлерге ұқсаған. Ұялы телефондарды сатпақ болып жатқанда олар ұсталды», - дейді департаменттегілер.
Келесі күні, 14-шы қарашада, құрамында Д. Таиров пен Е. Мағауяновтар бар патруль ұрлықты ізін суытпай ашты. Қылмыскер – жұмыссыз наркоман қолға түсті.
«Қызметкерлер міндетін атқарғанда біліктілік пен жауапкершілік танытты», - деп атап өтті департаменттегілер.