Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2292 0 пікір 23 Қараша, 2010 сағат 05:31

Алматы гарнизонының әскери соты Қазкоммерцбанктің есепшоттарынан Т93 млн ұрлаған алаяқтар тобына үкім шығарды

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Давид Ян. Сейсенбі күні судья Даниал Баймақұловтың төрағалық етуімен Алматы гарнизонының әскери соты «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның есепшоттарынан Т93 млн ұрлаған алаяқтар тобының 8 мүшесінің 6-уына қатысты үкім шығарды.

Сот жабық есік жағдайында өтті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақпараты бойынша, тергеу алаяқтықты ұйымдастырушылардың бірі деп таныған Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (ЭҚСЖКД) бұрынғы қызметкері Алмас Сағымқұлов 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚКБ экс-есепшісі-операционист маманы Сергей Столяренко 8 жылға бас бостандығынан айырылды, KZI-банктің заңгерлері - Қайрат Кеңсебаев пен Рашит Мамедов -әрқайсысы 8 жылға, ал шекарашы жауынгер Ертуған Қажыбеков 9 жылға кесілді.

Алаяқтар құжаттарын пайдаланған, үйсіз және жұмыссыз, бұрын ұрлық үшін екі рет сотты болған Серік Өтегенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, алаяқтыққа белсенді түрде қатысқан және мемлекетаралық іздеуге жарияланған Алматы ҰҚКД Бостандық ауданы бойынша бөлімінің бұрынғы қызметкері Халиолла Балтабаевқа қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске алынды, бұл азаматқа сырттай айып тағылды.

Сондай-ақ, тергеу кезінде күдіктілерді қылмыстық жауапкершіліктен құтқармақ болған, қазір қашып жүрген Алматы ІІД-нің бұрынғы тергеушісі Марат Әділовтың ісі де жеке өндіріске алынды.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың қарашасында аталған топ KZI-банк арқылы «Гарант» ЖШС жалған төлем құжаттарының көмегімен ҚКБ есепшоттарында сақтаулы жатқан Т93 млн қаржыны ұрлап кеткен.

Бір жылға уақыт жалғасқан алдын ала тергеу материалдарына сәйкес, аталған ЖШС-тің мөрлері мен басшыларының қолдары қойылған құжаттардан басқа, алаяқтар Алматының Алмалы ауданының салық басқармасының жалған қаулысын, банк ортасындағы жеке байланыстарын, ҰҚКД оперативті жасырыну мемлекеттік автономерлерін пайдаланып, пара берген.

Аталған қылмыстық істе жәбірленуші жақ ретінде «Гарант» ЖШС-інен ұрланған қаржының орнын өз есебінен толтырған «Қазкоммерцбанк» қарастырылып отыр.

Қазкоммерцбанк ретіндегі жәбірленуші жақ шығарылған үкімге толығымен қанағаттанады, деп мәлім етті банктің өкілі. Ал сотталғандардың қорғаушысы үкіммен келіспей, қарсы шағым жасамақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5634