Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2417 0 пікір 23 Қараша, 2010 сағат 08:58

Машкевичтердің мәселесі «май шаммен» қарала ма?

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ішкен-жегені тағы да «сырқат» әңгіменің біріне айналып, ел ішін  дүрліктіруде. «Бал ұстаған бармағын жалайды» деуші ме еді, білетін жұрт. Лауазымды қызметтерді атқара жүріп Жәкең де жайына қарап қалмаса керек. Алайда, Жақсылық Досмырзаұлының кінәсіздігін айтып Мәжіліс депуттары, соның ішінде Марал Итеғұлов деген азамат шыр-пыр болуда. Ал, енді біздің қаржы полициясы іске бір кіріссе жуық арада тізігін тарта қоймасы белгілі, қазір Жақсылықтың  жытырған дүниесін түгендеп жалпақ жұртқа жария етіп-ақ жатыр. Мына беталсытарына қарағанада қаржы полициясындағы сайыпқырандары Досқалиевтің «ұлы атасының бесіктегі түбегі мен шүмегін тауып беретін шығар» (Қажығұмар Шабданұлы). Миына қан құйылып, тілге келмей барып қайта «тірілген» Жақсылық Досқалиевтің ендігі біраз жылдары темір тордың ар жағында өтуі әбден ықтимал. Себебі, қаржы полициясының қармағына ілінген шенеунік атаулының шідер үзіп шыққаны кем. Мемлекеттік қызметтегі әріптестерінің ортасынада да сыйлы, жалпы жұртқа да сүйкімі бар Ғалымжан Жақиянов, Жақсыбек Құлекеев, Нұрлан Ысқақовтарды  сенсацияға әуес журналистердің өзі «пәле-жаладан құтылып, ақталып шығатын шығар» деп үміттенген. Болмады. Құлекеев пен Жақиянов түрменің дәмін татып шықты, Ысқақов әлі сонда. Пәре берді деген жалған айып тағылып Аблай Сабдалин абақтыда жатыр. Серік Бүркітбаев мырзақамақта отыр.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ішкен-жегені тағы да «сырқат» әңгіменің біріне айналып, ел ішін  дүрліктіруде. «Бал ұстаған бармағын жалайды» деуші ме еді, білетін жұрт. Лауазымды қызметтерді атқара жүріп Жәкең де жайына қарап қалмаса керек. Алайда, Жақсылық Досмырзаұлының кінәсіздігін айтып Мәжіліс депуттары, соның ішінде Марал Итеғұлов деген азамат шыр-пыр болуда. Ал, енді біздің қаржы полициясы іске бір кіріссе жуық арада тізігін тарта қоймасы белгілі, қазір Жақсылықтың  жытырған дүниесін түгендеп жалпақ жұртқа жария етіп-ақ жатыр. Мына беталсытарына қарағанада қаржы полициясындағы сайыпқырандары Досқалиевтің «ұлы атасының бесіктегі түбегі мен шүмегін тауып беретін шығар» (Қажығұмар Шабданұлы). Миына қан құйылып, тілге келмей барып қайта «тірілген» Жақсылық Досқалиевтің ендігі біраз жылдары темір тордың ар жағында өтуі әбден ықтимал. Себебі, қаржы полициясының қармағына ілінген шенеунік атаулының шідер үзіп шыққаны кем. Мемлекеттік қызметтегі әріптестерінің ортасынада да сыйлы, жалпы жұртқа да сүйкімі бар Ғалымжан Жақиянов, Жақсыбек Құлекеев, Нұрлан Ысқақовтарды  сенсацияға әуес журналистердің өзі «пәле-жаладан құтылып, ақталып шығатын шығар» деп үміттенген. Болмады. Құлекеев пен Жақиянов түрменің дәмін татып шықты, Ысқақов әлі сонда. Пәре берді деген жалған айып тағылып Аблай Сабдалин абақтыда жатыр. Серік Бүркітбаев мырзақамақта отыр. Мұхтар Жәкішов Ресейге қазақ уранын бергісі келмегені үшін бір басына жемқорлықтың бар «жетістігін» үйіп-төгіп алыс жылдарға айдалды.

Сөз жоқ, коррупцияны, жемқорлықты, қоғам мүлкін талан-таражыға салып, заңды белден басуды ақтаудың қажеті шамалы. Заңға қарсы қоғам тарапынан нигилистік пиғыл тудырып, дәріптеуден аулақ болған абзал. Алайда, шенеунік біткеннің (бір таңданарлығы бәрі қазақ) шетінен коррупционер атанып,  сыбайластықты «жеңді білектей сыбаға» көріп, соңынан сотталып кетуі көңілге ептеп күдік ұялтады екен. Сонда биліктегі қазақ біткеннің бәрі жемқор ма, ашқарақ па, ұры ма? Әлде, қазақтың ішкі алауыздығы, топ топқа бөлініп тозып жүретін «салты» бір бірін осылайша ел алдындағы қадірсіз халге жеткізіп бастады ма? Ұлық бір жиында бар ызғарын жүзіне жиып тұрып Президент Назарбаев «Қай-қайсыңды болсын қолдарыңнан жетектеп сотқа алып бара аламын» деген еді. Назарбаевтың сол ескертуін осы күні қаржы полициясы, қала берді өзара алты бақан алауыз топтар айна қатесіз орындап, социализмнің тілімен айтқанда «жүзеге асыру үстінде». Мәселенки, Досқалиевтің тағдыры... Домаланып қызметін істеп қана жүрген Досқалиевтің аяқ астынан істі болып, тіл мен жақтан айрылып құлап түсуі тегін емес. Соның алдында Ақ Орданың айналасынан «ЮГ» деген сұйық сөз тараған-ды. Әңгіменің қысқасы, ыссы қанды Аслан Мусин (Президент әкімшілігінің жетекшісі) мен оңтүстікттің осы күнгі белді тұлғасы Сарыбай Қалмырзаевтың арасынан ала мысық жүгіріп өткенге ұқсайды. Бұл жайтты Сарыбай Сұлтанұлы Батыс елдерінің бірінен денсаулығын тексертіп оралған соң емеурінмен аңғартқан. «Менің, - деді ол, - Елбасымен бірге ел аралап сапарға шығуым әлдебіреулерге ұнамайтын болса керек». Президенттің іс басқарушысы - Сарыбай Қалмырзаевтың жағаттап, үлкен кісінің қасынан шықпауы алдымен кімге ұнамауы мүмкін? Тасмағамбетовке ме? Жоқ, Иманғали Нұрғалиұлы қазір Астанадағы қырауар шаруадан тырп етіп ешқайда шыға алмайды. Сол себепті де оған Елбасы қасына кімді ертсін - бәрі бір. Тоқаевқа ұнамауы мүмкін бе? Қисынға келмейді. Орал Мұхаметжановқа ұнамай ма? Олай деп ойлаудың өзі қате. Мәсімовке ме? Мәз-мәйрам Мәсімов үкімет мүшелерін ілестіріп ел ішін Елбасыз да аралап жүр. Енді кім? Әрине, Президент әкімшілігінің екі тізгін бір шылбырын қолында ұстағысы келетін - Мусин. «Елбасымен бірге ел аралап сапарға шығуым әлдебіреулерге ұнамайтын болса керек»,- дейді Сарыбай Қалмырзаев. Иә, сартісті саясаткер Сарыбайға еліміздің батыс аймағынан облыс әкімі деген лауазыммен салаң етіп келе салған  Мусиннің әлдебіреу болуы әбден мүмкін. Ол тіпті Алматыда журналистермен кездесіп аз-кем сұхбат жасаған кезінде «Мен  қаржы полицясын басқарған кезімде Досқалиев дейтін жігітті білмеген де екенмін» деп салды. Сарыбай Сұлтанұлының Досқалиевті «білмеген де екенмін» деген сөзінің астарынан өзі айтқан «әлдебіреуге» қатысты ызасы анық байқалмай ма? Өйткені, Жақсылық Досқалиев - Аслан Мусиннің жерлесі. Ақтөбелік. Ақтөбелік мәжіліс депутаты Марал Итеғұловтың Досқалиевті қорғаштап бағуында да әлгі «ЮГ» шабуылынан қорғанудың немесе қарсыласудың белгісі көзге ұрып тұр емес пе?.. Маңайындағылардың майдандасып жатқанын жасырған сыңайы болса керек,  өткенде Назарбаев Алматыға Мусин мен Қалмырзаевты қатар ертіп келді. Әйткенменде, олардың қатар жүруі терең түсінісіп мемлекеттік қызметті қатар атқаруға кепілдік бола қоймас...

Жасырып керегі не, жағдай осылай... Қазақтың қырбайлығынан қашанда сыртқы мүдделер саяси ұпайға кенеліп келген. Қазір де сол. Биліктегілер «Майшеке» атайтын Машкевич пен «Еуразия» тобы  қазір «Юг» пен «Западтың» арасындағы алабүлікке қарап миғынан күліп отырған шығар. Кимдерге де керегі - осы.  Ғалымжан Жақияновтың Құсымырында өтікізген тағдырынан білеміз,  бұл  екі топқа абайсызда соқтыққан қазақ шенеунігі абақтының алабажақ киімін киюге мәжбүр.

Жә, делік. Күндердің бір күні қылдан тая қалса, машкевичтердің мәселесі «май шаммен» қарала қояр ма екен?.. Мүмкін. Бірақ,   қазақтың бар байлығын бауырына басқан алпауыттар билікті билеп-төстеудің жолынан жаңылар емес. Әйткенменде, Жер Орта теңізінің жағалауында «Саварона» кемесінің ішінде сауық құрып жатып еуразияшыл топтың марқасақалары 2012-жылы болатын Қазақстандағы  Президент сайлауы туралы әңгімені сапырған көрінеді. Әлгілердің әсіресаясиланған әңгімесін түрк құпия қызметі түз-түгел таспаға жазып алып, Ақ Ордаға тапсырғаны жайында жіңішке ақпарат бар. Егер сол сыбыс рас болса, «майшекелерге» тісін басып жүрген қазақтар қарап қалмас. Саясат алаңындағы аламан шабыс алда сияқты. Күтейік.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627