Бірқатар мемлекеттердің елшілері Назарбаевқа сенім грамоталарын табыс етті
Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Сауыд Арабстаны, Жапония, Иордания, Литва және Венгрия елдерінің Қазақстандағы елшілері қызметтеріне кірісуіне байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыс етті.
Дипломаттар ЕҚЫҰ төрағасы қызметіндегі Қазақстанның білікті жұмысын атап өтті.
Жапония елшісі Юдзо ХарадаҚазақстан Астанадағы саммитті ұйымдастыра отырып, «халықаралық қатынастардағы өз беделін тексеріп отыр».
Сондай-ақ, Қазақстан егемендік алған соң, ел экономикалық және саяси дамуын жалғастыруда.
«Жапония Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанысымен дипломатиялық қатынастар орнатты. Осыдан кейін және әлі күнге дейін Жапония демократиялық және экономикалық ынтымақтастық саласында қажет қолдау көрсетіп келеді. Бұл – біздің үлкен мақтанышымыз. Бұл орайда мен осындай жақсы уақытта елші болып қызмет ету мүмкіндігі туындағанына қуаныштымын», - деп атап өтті Юдзо Харада.
Өз кезегінде Венгрия елшісі Имре Ласлоцки сейсенбі күні Ақ ордада сенім грамоталарын табыс ету рәсімінен кейін Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасының орнындағы қызметін оң бағалады.

«Біздің СІМ-нің мамандарының барлығы Қазақстан өз міндетін жақсы орындады деп есептейді. Ешкім де теріс нәтиже күткен жоқ, бірақ жұмыс сондай жақсы және кәсіби түрде орындалып жатқаны... Мемлекет осы жыл бойы үлкен жұмыс атқарды. Венгрия Қазақстанды аймақтағы ең күшті экономикалық және саяси тұрақты мемлекет деп санайды», - деп атап өтті дипломат.
Ол «Қазақстанның бір тамшы мұнайы болмай, әңгіме энергия туралы болмаса да, біздің қатынастарымыз жақсы болатын еді», деп сендірді, өйткені екі елді «өте тығыз, тіпті бауырлас байланыстар байланыстырып отыр, сондай-ақ, біздің тарихи мәдени тамырларымыз бен тіліміз ортақ», деді дипломат.
ҚР-дағы елші қызметіндегі өз міндеті ретінде И. Ласлоцки ынтымақтастықтың жаңа салаларын іздеу мен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруді атады.
«Өкінішке орай, дағдарысқа байланысты 2009 жылы сауда-экономикалық баланс 65%-ға төмендеді. Сондықтан, менің міндетім ынтымақтастықты бұрынғы деңгейге жеткізу, кейін өсіру болып табылады», - деп нақтылады ол.
Сонымен қатар, дипломат 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуроодаққа төрағалық ететін Венгрия ЕО мен ҚР арасындағы байланыстырушы буын болуды жоспарлап отырғанын айтты.
Литва елшісі Рокас Бернотас та Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы қызметіндегі жұмысын атап өтті.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ның басқа елдері күткеннен де көп жасады. Мемлекет Орталық Азияның проблемалары мен мүмкіндіктеріне назар аударды, соның ішінде Ауғанстанның күрделі мәселесі бар. ЕҚЫҰ-ның ескі проблемаларын, тұралап қалған қақтығыстарды шешуге, сондай-ақ, Қырғызстандағы әдеттен тыс жағдайды шешуге көп үлес қосқанын ерекше атап көрсетемін», - деді дипломат.
Литва 2011 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалықты қабылдайтыны белгілі.
Сауыд Арабстанының елшісі Абдулмажид А.И.Хакимның айтуынша, оның елінің басшылығы да ЕҚЫҰ саммитіне қатысуды жоспарлап отыр.
«Президент Сауыд Арабстанының короліне Қазақстанға ресми сапармен келу туралы шақыруын тағы бір қуаттады. Мен мұны ел басшылығына жеткіземін. Біз сапар жүзеге асып, қатынастарды дамыту үшін серпін береді деп үміттенеміз», - деді ол.
Мемлекет басшысына сенім грамотасын Иордания Хашимит корольдігінің елшісі Слайман Арабиат та тапсырды.
Рәсімнің соңында президент Нұрсұлтан Назарбаев елшілердің бәрін Қазақстандағы қызметтеріне кірісулерімен құттықтады.
«Қазір кездескен елдердің бәрімен достық қарым-қатынастар орнатқанбыз. Сіздер өз жұмыстарыңызбен елдерімізді жақындастырып, достығымызды және ең алдымен, экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайсыздар деп үміттенемін. Сыртқы істер министрлігі және мен сіздердің осындағы қызметтеріңіз жайлы болып, сіздер өз елдеріңіздің басшылары тапсырған миссияны орындауларыңыз үшін ерекше назар аударатын боламыз», - деп атап өтті Н. Назарбаев.