Нұра Матай. Қарыштап дамып жатқан Қазақстан Қырғыздың картобына тәуелді
Осы күні қазақ билігінің кез келген ұлығының аузынан маңайдағы елді шаң қаптырып, «экономикамыз қарқынды дамып келе жатыр» дегенді Құдайдың құтты күні естиміз. Ертегідегі сәт санап өсетін батыр баладай көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан экономика елге жетпей-ақ қойды тегі. Әлде экономикалық даму Есілдің сол жағалауына ғана тән нәрсе ме екен?! Сырт қарағанға солай көрінгенмен, ол жақтың да жайы белгілі болып қалды.
Ұзын сөздің қысқасы еліміз Қырғызстаннан 500 мың тонна картоп сатып алатын болыпты. Құдай-ау, сонда ала жаздай алашапқын болған қырғыздар қазаққа сататын картобын қашан егіп үлгеріп жүр?! Қалай болғанда да, ұзына жаздың бойында тойдан қолы тимеген, елдің беделін Еуропада көтереміз деп ойға, қырға шапқылап жүрген қазақ билігі қара күз түсіп, қамбаға қараса картоп жоқ! Мәссаған, безгелдек, енді қайттік? Сөйтіп, ауыл аштан өлмейді деп шешкен ұлықтар қала халқына картоп іздеу ойға түскен ғой. Сөйтсе, іздегенге сұраған дегендей Қырғыздан картоп табыла кеткен. Енді міне, салықтан құралған үкіметтің бюджетінен ақша шығарып, 500 мың тонна картоп алмақ болып алақанын ысқылап отыр біздің Экономикалық даму және сауда министрлігі.

Дәл осы жерде аталған министрліктің сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев сонша картоп елге бір жолда керек емес. Сондықтан оны бөліп-бөліп алайық. Сонда картопты сақтау Қырғыздардың міндетіне қалады деп көрегендік көрсетіпті.
Мұнымен тоқтамаған кішкентай ұлық картоптың бағасы шамамен 47 теңгенің шамасында болады депті. Біз білсек, дәл осы бағадан су татиды. Өйткені, Алматының кез келген базарында картоптың бір келісі, үкіметтің көңілін аулап айтқан күннің өзінде 60 теңге және одан әрі қарай самғап кете барады. Мүмкін Есілден бері өтпеген ұлықтар келісі 47 теңге тұратын картопты майға қуырып жеп жүрген шығар кім білсін?!
Енді қараңыз, жалпы, шамалап алғанда еліміздің барлық өңірлерінде әлгі картоп дегеніңіз еккен жанға өнім береді. Ауыл ешкімнен картоп сұрамайды. Тіпті, жаппай картоп салатын кейбір аудандардың жинаған өнімі сол маңдағы кішігірім қалаларды қанымдауға жетіп жатады. Әрине, халық тығыз орналасқан ірі қалаларда бұл картопқа деген сұраныс күшті екені белгілі. Бірақ, көптеген өңірлері аграрлық болып саналатын еліміздің жұртын картоппен қамтамасыз ете алмай отыруы ұят енді. Оны әлгі батыстың ұйымына мүше елдер естімесін дейік.
Бұдан шығатын қортынды біздегі ұлықтар көп айтатын дамып жатқан экономиканың аграрлық саласы сырт көзге керемет болғанмен, шын мәнінде ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыра алмайтын халде тұр деген сөз. Аграрлық саланы айтасыз, ит басына төгілетін қара көмірдің шахталары бола тұра, көмірдің бағасы суық түсе құлағынан үріккен аттай болып секектеп, удай болып шыға келеді. Біздің үкімет бағамен жылда тіпті, күнде күресіп жатады. Ақыр соңында үкімет бекіткен баға «Хабардан» бір көрініп ғайып болады. Сонда үкімет қайда, ел қайда, картоп қайда?
«Абай-ақпарат»