Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2269 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 07:24

ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы Корея жарты аралындағы қақтығыстың қатысушыларын проблеманы бейбіт жолмен шешуге шақырды

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Корея жарты аралындағы қақтығысқа қатысушы жақтарды проблемаларды бейбіт жолмен шешуге шақырды, деп хабарлайды ЕҚЫҰ-ның Венадағы баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, Сары теңіздегі жағдайдың өршуіне байланысты және КХДР мен Корея Республикасының арасында адамдардың қазасына алып келген артиллериялық атыс жүріп жатқандықтан, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев сейсенбі күні арнайы мәлімдеме жасады.

«ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағалығы Сары теңізде қалыптасып отырған жағдайды үлкен алаңдаушылықпен қабылдайды және екі жақты жағдайды ушықтыратын, Корея жартыаралындағы жағдайды күрделендіре түсетін қадамдарға бармауға шақырады. Екі жақтың арасындағы даулы мәселелер келіссөз арқылы бейбіт жолмен ғана шешілуге тиіс».

Еске сала кетейік, КХДР мен Корея Республикасының қарулы күштері сейсенбі күні Ёнпхёндо аралының ауданында бір-біріне артиллериялық соққы жасады. Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, күндізгі сағат екі шамасында КХДР-дың қарулы күштері Ёнпхёндо аралына артиллериялық соққы жасаған, осының салдарынан үш оңтүстіккореялық жауынгер қаза тауып, қырықтан астамы жарақат алды. Оңтүстік Кореяның артиллериясы жауап соққы жасады. Сол уақытта Пхеньян өзіне бірінші болып шабуыл жасалғанын мәлімдеп, жауап шара қолдануға мәжбүр болғанын айтып, бар кінәні қарсы жаққа артып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607