Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2909 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 10:51

Жанат Жаңқашұлы. Тұғырдан тұтылып, ұлттықтан ұтылып тұрмыз...

Көшеміздің қақ ортасында батысқа бет бұрып Ленин тұр. Әлемдік пролетариаттардың әкесі дейді комуннистер. «Кеңестік замандағы кері кетуге шақ қалған Поэзияны жұлқа тартып орнына қойған ақын - Қасым Аманжолов» (Ж. Бектұров) қаламызда әлі жоқ. Тау-кен ғылымының атасы Қаныш Сәтбаев мұндағы күйкі тірлікті қала сыртынан бақылауға мәжбүр. Бұқар жырау бабамызға қонақ күттіріп вокзалдың алдына тұрғызып қойып едік, қазір Құдайға тәубә, қалалық әкімдіктің алдына барды. Оңтүстік шығыста құрылысшы Язев тұр. Ал, қазақтың біртуар ұлы Мәди жоқ. Бұл қалай?.. Әңгіме ескерткіштер турасында.

Қолымызға «Новый Вестник» газеті түсіп, парақтай отырып бір қызық жайтқа тап болдық. Тақырыбының өзі күреске шақырғандай - «Ленина не дадим ломать!». Мұнда қаламыздың ортасында 1975 жылдан бері қасқайып тұрған күн көсемінің тас тұғырына деген алаңдаушылық басым. Кешегі коммунисттердің сарқынды тобы «қалай да Ленин ескерткішін қорғап қалу керек» депті. Не деген белсенді топ? Бір кездері қазақ зиялылары жиналып, Майқұдықтағы көгілдір тоғанға ескерткіш тұрмақ, Мәдидің атын бергізе алмап едік, мына жұрт Ленинді қорғап қаламыз дейді. Не үшін, кімнен қорғамақ? Ол жағы өздеріңізге аян...

Есімізде... Өзге бір облыста айтыс өтіп жатты. Сол кезде қарағандылық Қойлыбай Асанұлына қарсыласының «Көшеңде Ленин әлі тұр...» деп тиіскені. Қойлыекең де қысылтаяң сәтте: «Өзі отарлаған елдің қалай қарыштап дамып жатқанын көрсін деп әдейі алмай отырмыз» деген сыңайдағы сылтау айтып құтылған. Енді Ленинге құрметімізді көрсетіп болғандаймыз. Тас тұғырынан түсіріп, яки өзге жерге ауыстырып, оның орнына өз перзенттеріміздің бірінің мүсінін қойсақ. «Атасын таныған атқа қонады, атасын танымаған жатқа қор болады» деп неге айтты екен біздің бабалар? Бала күнімізде Ленинді ата қылғанымыз рас. Солай үйрететін...

«Новый Вестник» газетінің тілшісі Елена Ульянкина аз-кем зерттеу жүргізіп, түбі Лениннің орын суытатынын айтыпты. Бірақ, ол оқырманын «Его действительно хотят перенести. Куда именно, еще не решено. Но по словам нашего собеседника, это будеть «шикарное место» деп жұбатады. Бұл жерде екі түрлі принцип шеке соғыстырып тұр. Біріншісі Ленинді қалай да алғызбаймыз деп, білек сыбанған коммунистердің нойыс ұстанымы. Екіншісі билікте жүрген «лениншілдердің», «ертең біздің көзіміз тайғанда далаға сүйреп тастар, одан да қазір бір «шикарный» жерге бекітіп алайық» деген ниеті. Орыс ағайынның осы пысықай тірлігіне  қызғанып һәм қызыға қарайсың. Біздің ұлттық мүддеден иіс алмас ағаларымыз, мамық креслосын жұмсағына басқанға мәз. Қаламызда классик жазушы Гогольдің мүсіні бар. Өз ұлты тірідей көмген жазушының шынында Қарағандыға еш қатысы жоқ. Бірақ, тұр... Ұлы жазушымыз Мұхаң өмірден өткенде Ғабеңнің: «Мұхтар, қазақта «ат тұяғын тай басар» деген ұлағатты сөз барын білесің. Бірақ ол сөз жалғыз саған ғана келмейді. Сенің орныңды басатын ұл енді қайтып тумас. Ол орын әдебиетімізде мәңгі бақи үңірейіп тұрады...» деп  толғануында нендей сыр жатыр десеңізші. Қарағандыда да Мұхаңның орны үңірейіп тұр. Бәрін былай қойғанда, Абайдың мүсінінің өзі «Шалқыма» концерт залының алдына орнықты емес па? Кісі аяғы сирек басатын жер. Арнайы шақыртумен болмаса, көп адам бара бермейді. Ал сонда Абайдың осы тұрысында не мағына бар? Ленин тұрған жер, нағыз Абайдың тұғыры еді ғой. Ильичтің қазаққа басы ауырып, балтыры сыздады дегенді естімедік. Рас, әлемдік пролетарияның әкесі болар. Бірақ, біз пролетариат болып жарыттық па? Сұраған теңдігіңнің орнына, теперіш көрсетпеп па еді? Соны қалай ұмыттық?..

«Саясат - хүкімет басынан таздың бөркін сыпырумен бірдей, тірі болсам хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші қайда? Атасын танымаған жұрт атқа қайтіп қонбақ? «Қазаншының еркі өзінде» деуші еді ғой. Өз елімізде ұлы тұлғаларымызға жақсы жерден ескерткіш қоя алмасақ елдігімізге сын.

Бір данышпан айтқан екен: «Досыңнан қорықпа, ең сорақы жағдайда олар сені сатар. Жауыңнан қорықпа, ең сорақы жағдайда олар өлтірер. Немқұрайлылылардан қорық. Солардың немқұрайлылығынан өмірде сатқындық пен кісі өлтіру орын алады» депті. Айналамыздағы тірлікке немқұрайлы қарамайық, ағайын!

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, «Адырна».

Қарағанды

«adyrna.kz» сайтынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602