Түркиядағы конференцияда отбасылық құндылықтар талқыланады
Стамбул. 25 қараша. ҚазТАГ – Дін, дәстүр мен заман тұрғысынан отбасылық құндылықтарды 30 елден келген 500-ден астам өкілдер түркияның Кемер қаласында ашылып отырған «Еуразия диалогы» халықаралық ұйымның алқа отырысында талқылайды.
«Отбасылық құндылықтар әр халықтың діни танымымен, сондай-ақ ұлттық дәстүрімен тығыз байланысты, - деп «Еуразия диалогы» қоғамдық қор президенті Салих Акчай атап көрсетті. – Олардың тығыз өзара байланыстығы ғасырлап әлем өркениетінің әлеуметтік дамуына ықпал етті. Біздің міндетіміз – отбасылық құндылықтарға деген әртүрлі көзқарас пен ұстанымдарды ғалымдармен, әлеуметтанушылармен және қоғамдық қайраткерлерді кеңінен тарта отырып талқылау».
Конференцияның ұйымдастыру комитетінен айтқандай, қазақстандық делегация құрамында – ҚР парламент сенаторы Ғарифолла Есім, Қазақстан шығармашылық жазушылар одағының жетекшісі – Нұрлан Оразалин, журналистер одағынан Сейтқазы Матаев, қазақ-түрік орталығының директоры Шәкір Ибраев, ғалымдар, әлеуметтанушылар мен журналистер бар.
Алқа отырысында Түрік Республикасының премьер-министрі Таип Ердоган сөз сөйлейді деп күтілуде.