Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3252 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 05:11

Петропавлда жаңа мешіт және шіркеу салынады

Петропавл. 25 қараша. ҚазТАГ – Сенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) Петропавл қаласында жаңа мешіт пен шіркеу салынатын жерге алғашқы тас қалау рәсімі өтеді.

Облыстың «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Қасымхан Абдоллаұлы Рабочий кентінде салынатын жаңа мешіт қаладағы төртінші мешіт болатынын айтты.

«Мешіт 500 орыға есептелген. Бұл жерде 250 орындық асхана да салынады. Жақын жерден имам мен күзектшінің үйлері салынады», - деді имам.

Оның айтуынша, құрылысты келесі Құрбан айтқа дейін аяқтау жоспарланған.

«Құрылысқа үлес қосуға ниет танытқандар үшін арнайы банк есепшоты ашылады», - деді Қ.Абдоллаұлы.

Осы күні теңапостольдық Мария Магдалинаның шіркеуі іргетасының алғашқы тасы да қаланады.

«Мария Магдалинаның храмының құрылысы осы жерде жүргізілетіні туралы капсула мен іргетастың алғашқы тасы салынады», - деп мәлім етті СҚО православиелік храмдарының өкілі протоиерей Сергий.

Петропавлда Мария Магдалинаның құрметіне храм болған. Ол 1900-ші жылы салынған. Бірақ кеңес заманында ол клубқа айналып, 1974 жылы қирауға ұшырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5595