Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3862 0 пікір 25 Қараша, 2010 сағат 05:40

Қымбат Қалауова. Қазақ тілі тек Билл Гейтске ғана қажет пе?

Жиындар мен той-томалақта «тіл», «тіл» деп жағымыз талғанша қақсағанда әрқайсымыз «батырмыз», «ұлт жанашырымыз», «ұлтжанды азаматпыз». Ал күнделікті өмірде ше? Сөзіміз бен ісіміздің арасы Алтай мен Атыраудың арасындағы кең даладай болып тұрған жоқ па? Мысалы, банкоматтан ақша алғанда сіз қай тілді таңдайсыз? Алдыңыздағы компьютеріңіздің операциялық жүйесі қай тілде? Қазақша ма? Әлде, «қарғыс атқыр» орыс тілінде ме?

Көптеген жағдайда біздің «ұлт жанашырлары» үкіметті, батыстық компанияларды «қазақ тіліне жеткілікті деңгейде көңіл бөлмейді» деп сынап жатады. Негізінен дұрыс сынайды. Ал, сол мемлекеттік органдар мен компаниялар қазақшаға көшіп, барынша қазақыланып жатса ше? Солардың көңілі қалмайтындай тіршілік жасап жатырмыз ба? Жоооқ!

Мысалы, аты әлемге әйгілі Microsoft компаниясы өзінің операциялық жүйесін толықтай қазақ тіліне аударып, әп-әдемі етіп жасап шығыпты. Оның артық-кемін кез-келген азамат мына сілтемеге кіріп http://www.microsoft.com/ru/kz/default.aspx қарай алады. Ойлап қарасақ, тамаша жаңалық.

Ал, компьютерлер қазақыланды делік. Осыған дейін орыстілді компьютер мен техникаға қарай алмаған әсіре патриоттардың барлығы дерлік Microsoft компаниясына алғысын білдіріп, оның дүкендерін торып, жаңа жүйені сатып алу үшін қырғын кезекке тұрып жатыр дейсіздер ме? Жоооқ!

Күні кеше Астанада өткен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы қазақ тілінің қолданылуы» атты дөңгелек үстел барысында ұлт болып ұятқа қалдық. Жиында сөз сөйлеген Microsoft компаниясының ресми өкілі Дана Алтыбаеваның сөзіне сенсек, олардың өнімдеріне еш сұраныс жоқ екен. Бүгінге шейін еліміздің дүкендерінде қазақтар үшін тарнайы жасатылған операциялық жүйенің небары 30 данасы ғана сатылыпты! Қазақ тіліндегі Windows-7 бағдарламасын компанияның сайтынан тек қана 50 адам өзінің компьютерлеріне қотарып алған! 10 миллион қазақтың сексеніне ғана қазақтілді компьютерлік бағдарлама қажет екен. Қалғандарына бәрі бір. Үйреніп кеткен. «Үйреніскен жау атсыпаққа жақсы» деп жүре береді. Сонда сан мыңдаған «аттанымыз», жалынды ұрандарымыз қайда қалды? Қазақ тілі тек Билл Гейтске ғана керек пе? Өз тіліміз үшін кішкене ғана уақытымыз бен белгілі қаражатымызды қия алмасақ неғып қазақ атанып жүрміз? Әлде ана тіліміз өзімізді қоздырып, билігімізді мұқату үшін ғана қажет пе?

Әрине, Билл Гейтс те, оның Microsoft компаниясы да қазаққа қызмет еттік деп банкрот болып, тезек теріп, тентіреп кетпес. Әрі кетсе «қазақ эпопеясын» форс-мажорға балап, нарығымызға орыс не ағылшын тіліндегі өнімдерін әкеле берер. Бірақ, компанияның қазаққа деген көзқарасы өзгеретіні анық. Оларға қарап басқа да ірі компаниялар «қазақ тілінің ешкімге қажеті жоқ», «оның нарығы жоқ» деп шешсе не істемекпіз? Болашақта қазақ тіліне пысқырып та қарамаса не қыламыз? Баяғы орыс тіліне жүгініп, оны іштей қарғап-сілеп отыра береміз бе?

Қазақ тілі өз төріне орнықсын, тілдік жағдай өзгерсін десек, өзгерістерді өзімізден бастағанымыз жөн. Сол өзгерістердің мызғымас бөлігіне айналуымыз қажет. Ал өзгерістер кішкентай болса да нақты істерден басталады. «Жақсы сөз - жарым ырыс» деп жатамыз. Дұрыс шығар. Алайда, жақсы ой, жалпақ сөздің уақыты өтіп барады. Өтіп те кетті. Нақты іс, мұратшылдық, табандылықтың кезеңі келді. Жүрекке жылы жаттанды мақал-мәтелдің заманы аяқталды. Жаңа мақалдар, формулалар, алгоритмдер ауадай қажет. Мысалы, «терең ой - жақсы сөз - нақты іс - нақты нәтиже» деген. Онсыз күніміз қараң!

Алашшыл, жаңашыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588