Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5144 4 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 11:03

Адамға жасалған айуандыққа үн қатпаудың өзі айуандық!

Мьянмада қырғын болып жатыр. Осындағы ысқырығы жер жаратын, бірақ айдағаны бес ешкі кей жандар геноцид жоқ дегенге сендіргісі келеді. "Ол біздің шаруамыз емес" дейді.

"Олар коммунистерге келгенде, мен әрекет етпедім - мен коммунист емес едім. Олар социал-демократтарға келгенде мен үндемедім - мен социал-демократ емес едім. Олар кәсіподақ белсенділеріне келгенде мен әрекет етпедім - мен кәсіподақ мүшесі емес едім. Олар маған келгенде - мені қолдайтын, қорғайтын ешкімнің қалмағанын түсіндім" деген екен неміс пасторы Мартин Нимеллер. Рас-ау.

Оның ұлты басқа, оның діні басқа, тұратын құрлығы бөлек деп отыра берсек, басымызға іс түссе бізге де жаны ашитындар таз басындағы шаштай аз қалар. 1921-22 жылдары КСРО аймағында аштық болған сәтте Герберт Гувер басқарған American Relief Administration қоры көмек берген еді. Ата жауына, демократияға қарсы большевиктік жүйеге көмек қолын созған болатын. Ойландырарлық!

Енді кей білгіштер Мьянмада геноцид болып жатқан жоқ дейді. Геноцид болмаса бес күнде 120 мың халық неге босқын атанды? Бес-ақ күнде! Геноцид жоқ болса неге БҰҰ-ын Мьянма кіргізбеді? Геноцид болмаса 3000 адам неден өлді? Геноцид болмаса әлем есі ауысып шулап жатыр ма? Иә, эмоциональды суреттердің арасында арандатушылыққа негізделген жалған ақпараттар жетерлік. Алайда бұл ол елде геноцид жоқ дегенді дәлелдей алмайды ғой. Геноцид бар, осы уақытқа дейін рохинджа халқына азаматтық бермеу заңының өзі геноцид! Өйткені азаматтығы жоқ адам не емделе, не білім ала алмайды. Демек оның денсаулығы мен тұлға болып қалыптасуына кері әсерін тигізуі бұл да адам құқығын бұзушылық. Иә, рохинджаға үш қайнасақ сорпамыз қосылмайды. Қыз алысып, қыз беріскен құда да емеспіз. Жүрегіміз мұсылман болғандықтан емес, адам болғандықтан ауыруда. Адам! Мейлі ол қара, мейлі ақ болсын, мейлі Исусты, мейлі Мұхамедті пайғамбарым десін, оның барлығы да адам. Адамға жасалған айуандыққа үн қатпаудың өзі айуандық! Ешкімде ол жаққа автомат асынып, аттанғалы отырған жоқ! Бірақ бұл сұмдыққа қарсы үн айту адамдық парыз!

ПыСы: "Зұлымдықтың салтанат құруы үшін бір ғана дүние қажет - ол жақсылықтың әрекетсіз отыруы" деген Эдмунд Бёрктің сөзі есіме түсіп отыр.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357