Жұма, 29 Наурыз 2024
7350 7 пікір 6 Қыркүйек, 2017 сағат 14:34

Экономикамыз өсті ме, әлде өшті ме?

Қазақстан пост-кеңестік елдер қатарында даму жағынан көш бастады. ТМД елдері ішінде күнкөрісі жақсы ел - Қазақстан екен. Ресейдің Үкіметтік сараптама орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша, Қазақстан өмір сүруге қолайлы, дамушы, тұтынушылық көрсеткіші ең жоғары ел деп көрсетіліпті.

Бұрын бұл орында Ресей болған. Экономикалық дағдарыс етектен алып, есін шығарған Путин-Медведьев тандемі елді тығырықтан алып шыға алған жоқ.

Сөйтсек, былтырғы жылы әрбір қазақстандық жеке бас қажеттілігіне 13,8 мың доллардан жұмсаған екен. Ал Ресейде бұл көрсеткіш 11,9 мың доллар.

Осылайша, халқының тұрмыс деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да бірінші болыпты.

Бұл ақпарат әлеуметтік желіге тарай бере, альтернативті мазмұндағы тағы бір қызық дерек шықты. Бұл ақпаратты "Еxclusive.kz" сайты жазды.

Онда керісінше, Қазақстан халқының тұтынушылық деңгейі 2,4 пайызға төмендегені айтылады. Бұл Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылдың I-жарты жылдығындағы көрсеткіштер туралы баяндамасында көрсетілген екен.

Қазақстандағы ЖІӨ көрсеткіші 4,2 пайызы құрағанымен, тұтынушылық деңгей былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4 есеге азайған.

Әсіресе ғылым мен техника саласының мамандарының айлығы мен сатып алу мүмкіндігі  25,5%-ға төмендеді.

Десе де, 2017 жылдың I-жарты жылдығындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда орташа номиналды айлық - 144,95 тиынды құраған.

Екі түрлі ақпарат. Екі ақпарат та ресми дереккөздерінен алынып отыр. Ал біз қайсысына сенгеніміз жөн?

Ілияс Ақбай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564