Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2585 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 07:46

Қасқабас Қазақ. Сенген молдам сен болсаң?

Күні кеше ғана біздің порталда «Қазақтар «орыс әлемінің» халқы емес!» деген мақала жарияланған болатын. Онда Қазақстандағы Орыс православ шіркеуінің патша заманынан келе жатқан қазақты шоқындыру саясатын қайта қолға алып, белсенді миссионерлік жұмыс жасап жатқаны хақында жазып едік. Мақаланың соңында біздер Қазақстанның діни басқармасы неге үнсіз деген сауал қойғанбыз. Үнсіз емес екен...

Құдайдың өзі бере салған молдаларымыздың орыс миссионерлігіне қатысты ұстанымын ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Оңғар-қажы Өмірбек мырза «қатырып» тұрып жеткізіпті. «Айқын» газетіне берген сұхбатында Оңекең: «Уағыздар қазақ тілінде жүргізілсе, онда бұл - ең алдымен мемлекеттік тілді сыйлауы. Бұл өте қуанышты, сүйсінетін жағдай... Діни әдебиеттерін аударғаннан бізге келіп-кетері жоқ, олардың еркіндегі шаруа. Егер кітаптарын қазақтілді оқырмандарға арнаса, орыс тілін жете түсінбейтін азаматтар енді оларды Құранмен салыстыра оқи алады. Әдебиеттерді қазақ тіліне аударғанның пайдалы жағы - осы. Бұл мәселенің екінші жағы да бар: бұл - дінге тарту. Қазақ тілінде олардың кітабын оқитындарға Құранды да оқып, салыстыруға шақырар едім. Дінде ешкімге зорлық жоқ. Ал православ дінінде қазақтілділер көбейіп кетті деу - негізсіз. Соңғы санақ нәтижесі бойынша халқымыздың 11 миллионы - мұсылмандар. 1990 жылдың ортасы мен 2000 жылдың аралығында қазақтілділер арасында басқа дінге өтіп кету тенденциясы байқалған. Бірақ қазір керісінше, ислам дінін ұстанушылар көбейіп, оның ішінде славянтілділер үлесі де арта түсуде», - депті!

Еліміздегі рухани мәселелерді реттеп, дін мен ділдің бірлігін, тұтастығын сақтауға мінддеті адамдардың ұсқыны осы! Айтарға сөзіміз жоқ!

Абай болайық, алашшыл болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588