Сенбі, 23 Қараша 2024
Өз салтың 3842 0 пікір 7 Қыркүйек, 2017 сағат 12:57

 Немересінің кіндігін туған жеріне әкеліп бөлеген әже...

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын тәуелсіз қазақ елінің болашағына бағыт-бағдар беретін аса маңызды құжат деп қабылдадым. Ұлт Көшбасшысы түбі - түркі, мінезі - жылқы, ұлты - қазақ, рухы - азат Ұлы дала ұрпақтарына қанмен берілген тектілік пен намыс атты қасиеттерді сақтай отырып, еңбек пен білімнің арқасында ғана жаңаруға жол ашылатынын нақты қадамдардың бағдарламасын ұсына отырып жеткізген. Елбасы ұлттық болмыс және халықтық мәдениет мәйегімен тыныс алатын ҰЛТТЫҚ КОД мәселесіне ерекше назар аударыпты. Ұлттық код дегеніміздің өзі туған тіл, салт - дәстүр, ел тарихы десек, осы рухани құндылықтарымызды жоғалтпау арқылы ғана өркениетке толыққанды жетуге мүмкіндігіміз бар екендігін айтқан Елбасының ел болашағына алаңдаушылығын да аңғару қиын емес.

Бұл құжатта біздерге, журналистер қауымына, жаңа заман талабына сай ақпараттық кеңістік қалыптастыру ісі тапсырылды. «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекерге айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сондықтан мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде бүгінгі заман талабынан туындаған ұсыныс дер едім. Әсіресе шетелден жұмақ іздеп кетіп жатқан жастарға ой сала отырып, туған жер, Отан, ата-ана алдындағы парыз бен қарызды жастардың бойына сіңіріп, санасына сілкініс әкелетін қадам деп ойлаймын. Ата-бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, бүгінгі ұрпағына аман-есен жеткізген Атамекенге адалдық идеясы деп қабылдадым.

Осы ретте өзіме ерекше әсер еткен мына бір оқиғаны баяндай кеткім келіп тұр: Семейде туып, бұл күндері астаналық болып кеткен бір құрбым перзентханада туған немересінің кіндігін дәрігерден сұрап алып, нәресте дүние есігін ашқаннан кейін «Ұрпағымның кіндігі атажұртына байлаулы болсын, Отанын, туған жерін сүйіп өссін деген ырыммен ата-бабасы, ата-әжесі туған топыраққа көмуге беріп жібердім» дегенін естігенде, сүйсініп тұрып, Атажұртқа адал болуды ананың сүтімен, әженің әлдиімен, бесіктің жырымен бойына сіңірген ұрпақтың туған жерінің туын жоғары ұстар адал перзенті боларына күмәнім жоқ деген едім. Елбасымыз айтып отырған ҰЛТТЫҚ КОДТЫҢ негізі де осы болса керек.

Риза Молдашева,

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383