Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5804 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 10:41

Бек Датұлы. Митрополит миығынан күледі

Қазақстандағы Митрополиттік аумақтың басшысы Александр өз сайттарында қазақ қоғамында талқыланып жатқан даулы мәселе - шіркеулерде қазақша уағыз жүргізу туралы ойларын «ұштай» түсіпті. Әрине, оның «біз миссионерлік жұмыстарымызды тек ата-бабадан бері проваславие дінін ұстанып келе жатқан орыстарға ғана арнаймыз» дегені шылғи өтірік. Қай заманда миссионерлер өз дінін ұстанып отырған халыққа үгіт жүргізіп еді. Орыстар ата-бабасынан бері христиан болса оларды христиан бол деп үгіттеу не үшін керек?! Митрополит ақымақ екен деп күлесіз бе, әлде қазақтарды ақымақ санайды деп жылайсыз ба, өзіңіз біліңіз! Ал миисиялары орыстарға ғана арналған болса Семинарияда қазақша оқытып бастарына не күн туды? Демек, семинарияда «тыңдаушыларға» қазақ тілін үйрету қазақтарға уағыз жүргізу үшін ғана қажет. 20 жыл бойы менсінбей келген мемлекеттік тілге аяқ-астынан құрметтері ояна қалғаны өте күмәнді.
Миығынан күлген «мәртебелі» митрополиттің мысқылдай айтқан мына сөздерін өздерінің «құдай сөзімен» берейік:

«Мы благодарны Президенту Республики Казахстан Н.А. Назарбаеву за проводимую им политику, предоставляющую возможность свободного исповедания любой веры. Православные граждане воспринимают Казахстан, как свою родину и стремятся овладеть ее языком и культурой, поэтому в новом учебном заведении Казахстанской Митрополии - Духовной семинарии  - в качестве обязательного предмета введено изучение казахского языка и культуры. Наши студенты знакомятся с произведением классиков казахской литературы, таких, как  Абай Кунанбаев, слушают казахскую музыку, в семинарии читаются лекции по истории Казахстана и краеведению. Мы активно сотрудничаем с представителями исламского духовенства в вопросах противостояния негативным общественным явлениям, в том числе экстремизму. Особое внимание Православная Церковь Казахстана уделяет противодействию проповеди псевдорелигиозных сект, вербующих русское население. Если мы говорим о миссионерской деятельности нашей Церкви, то следует подчеркнуть, что эта деятельность обращена к русским людям, по своему рождению и крещению принадлежащих к традиционной религии - Православию, но вовлеченных в многоразличные секты. Миссия Православной Церкви - это внутренняя миссия».

Митрополиттің «внутренная миссия» деп бүкпелеп отырғаны өткендегі Патриарх Кириллдің Қазақстанды «орыс әлемінің» құрамына қосып жіберген ойымен орайласып жатқан жоқ па. Яғни, Қазақстанда қазақша уағыз жүргізу де олардың «ішкі миссиясы» ғана.
Қалай болғанда да қазақ қоғамы орыс шіркеулері қазақша уағыз жүргізу туралы ойларынан қайтқанша қарсылық таныта беру керек. Қарап отырсаңыз, олар ойларын жүзеге асыра бастапты. Алдарына нақты мақсат қойған, жоспармен жұмыс істеуде.

Абай болайық, ағайын!

www.masa.kz сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540