Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 8328 2 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 14:04

Қауымдастық көшті. Ғимараты кімге қалды?

Үстіміздегі жылдың 23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының  V құрылтайында Елбасы «Қауымдастық орталығын Алматыдан Астанаға көшіретін кез келді. Олар басшылардың жанында болуы керек», - деген болатын.

Президент тапсырмасына сай, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Елордаға көшуді бастады. Ал, Қауымдастықтың Алматыдағы көпқабатты үйі «Отандас-Ел» республикалық қоғамдық бірлестігіне берілді.

27-қыркүйек күні редакциямызға «Отандас-Ел» РҚБ төрағасының орынбасары Нұрбосын Сқақұлы телефон шалып, бұл туралы хабарлады.

Бірлестік төрағасының орынбасарының айтуына қарағанда, Қауымдастық пен аталған Қоғамдық бірлестік басшыларының байланысы марқұм Қалдарбек Найманбаев кезінен басталған екен. «Отандас-Елдің»  сол бұрынғы тәжірибесін және қазіргі тебінді қызметін, оң беталысын ескере отырып,  Қауымдастықтың жаңа басшысы Зауытбек Тұрысбеков осы шешімге келіпті.

Енді Алматыдағы Қауымдастық үйіне «Отандас-Ел» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеңсесі көшіп кіріп, өз жұмысын бастайды.

Алдағы уақытта ол үй  Дүниежүзі қазақтарының Алматыдағы мәдени орталығы болып, Қауымдастықтың іс-жопары аясында және «Отандас-Ел» РҚБ-ның өз жарғысына сай селбесіп жұмыс атқарады.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282