Жұма, 22 Қараша 2024
Осы ғой енді... 7100 10 пікір 28 Қыркүйек, 2017 сағат 17:56

"Жеңгетайымыз" әлі тайраңдап жүр

Біз өткенде Abai.kz сайтына осы мәселені қозғап, мақала жазып, Рудныйдағы қалалық мәслихат дептутаты Юлия Каралаш деген сылқымның жап-жас қыздарды шетелдерде жалақысы мол жұмысқа жіберемін деп, құқық қорғау органдарының құрығына түсіп қалғандығын жазғанбыз. Енді біз де, оқырмандар да мұның арты не болыр екен деп тағатсыздана күтіп отырғандығы айқын. Әзірге ештеңемен де қуандыра алмаймыз. Қайта күн өткен сайын күдігіміз молайып келеді.

Ал Юлиямыз да шалт қимылдың адамы екен. Жаман аты баспасөз бетіне шығар-шықпастан жедел қимылдап, Рудный қалалық мәслихатына өз депутаттығын мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жазды да жіберді. Мәслихаттың жылдамдығы да адам сүйсінерлік екен. Өтініш түскен күннен кейін үш-ақ күннің ішінде апұл-ғұпыл кезектен тыс сессия ашып жіберіп, Юлиямыздың өтінішін қуана-қуана қанағаттандырып жіберді. Мойындарынан бір ауыр жүк түскендей болды-ау, сірә.

- Мұндай жағдай бізге де оңай тиіп тұрған жоқ, - деп өздерінше ақталып бағады осы Рудный қалалық мәслихаттың хатшысы Валерий Лощинин.

Мұны естігенде есімізден тана жаздадық. Депуттардың барлығы да  жерге қарағандай күйде. Мұның өзі біздің бәрімізге де жағылған және жақын арада кете қоймас күйе болды.

Хатшының сөзіне күмәндана қою артық болар Алайда осы небәрі 25 жастағы, бұрын аты-жөнін ешкім де білмейтін, ешуақытта халыққа пайдалы ісімен көзге ілінбеген мүлдем бейтаныс жанның аяқ астынан былтыр депутат болып сайланып кеткендігіне мұндағылардың барлығы да аң-таң. Халықтың наразылығы күннен-күнге күшейіп келеді. Біреулер осы бір келеңсіз іске облыстық мәслихат тарапынан ешбір мәлімдеме жасалмай отырғандығына мүлдем түсінбейді. Ал сол облыстық мәслихаттың хатшысы Сайлаубек Есжанов мырза да облыстағы депутаттық корпуста елең етерлік ештеңе болмағандай тым үнсіз күйде.

Ал енді әлгі жеңгейтамыз белді мүшесі болып табылатын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы да мұнан мүлдем хабарсыз секілді қалып танытып отыр. Оның төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің сірә мұндай ұсақ-түйек істерге қолы тимей жатқан болар. Немесе одан мүлдем хабарсыз отырғандай сезінесіз. Әйтпесе өзі басшылық жасайтын партиясының бір мүшесінің жеңгетайлық секілді былықтарымен бүкіл елімізді шулатып жатқанда осы партия мүшесіне тиісті жаза беруді өз орынбасары Жаңабай Ысмайылов мырзаға қатаң тапсырмауы да әртүрлі ойға жетелейді. Өйтпеген жағдайда аталмыш партияның Рудныйдағы филиалы өз бетінше ештеңе тындыратын түрі байқалмайды.

Мұны аз десеңіз енді кезінде өздері бұл жайды айдай әлемге жария қылған облыстық ішкі істер департаменті бүгіндері ештеңе болмағандай тым үн-түнсіз отырғандығын қалай түсіндік?

Жайберген БОЛАТОВ, Қостанай

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5289