Сенбі, 23 Қараша 2024
Судың да сұрауы бар... 4869 8 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 09:50

Зейнетақы қорынан 3,7 мллиард теңге тағы да "қолды" болуы мүмкін

Қазақтың үкіметі қайда қарап отыр? Қазақтың құқық қорғау органдары, оның ішінде сот, прокуратура, әділет саласы қайда қарап отыр?

Ауы мен бауы салақтап, «иттің итақайына дейін жем» болып жатқан еліміздегі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, «амандық болса», тағы 3,7 миллиард теңгесінен айрылып қалуы әбден мүмкін. Рас, бұған дейін де БЖЗҚ проблемалық эмитенттермен қолынан келгенше күресіп келген еді. Әлі де күресіп жатыр. Бірақ осы проблемалық эмитенттер мәселесінің, жасыратыны жоқ, дер кезінде шешілмей, сағызша созыла бергені кейбіреулерге тиімді сияқты. Бірақ сонда кімге? Үкіметке ме, әлде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзіне ме? Әлде проблемалық эмитенттерге ме?

Бұл енді арнайы журналистік зерттеуді қажет ететін мәселе.

Үкіметіміздің шет ел асырып, сосын қайта қайтара алмай жатқан зейнетақы қорындағы миллиардтар мәселесі әлі де ырың-жырың күй кешіп жатқанда өз ішіміздегі проблемалық эмитенттер де «жау жағадан алғанда, бөрі етектен аладының» керін келтіріп отыр.

Бір ғана мысал: дәл қазіргі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Имсталькон» акционерлік қоғамы деген алпауытпен алысып жатыр. Мәселе сотта қаралуда. Өйткені «Имстальконның» Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қарызы 3,7 миллиард теңгеге жетіпті. БЖЗҚ-ның басқарушы директоры Мәулен Өтеғұловтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда қор «Имсталькон» АҚ-на қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

Марат Мадалимов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385