Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3723 0 пікір 2 Желтоқсан, 2010 сағат 06:20

ЕҚЫҰ саммитінде Әзербайжан мен Армения бір-бірін Карабах қақтығысы бойынша келісімге келмек ниеттері жоқ деп кінәладаы

Астана. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Әзербайжан мен Армения президенттері Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммитінде бір-біріне Карабах қақтығысы бойынша келісімге келмек ниеттері жоқ деп тағы кінә тақты.

«Әзербайжанның бізді күшпен қорқытып, біржақты түрде жол беруге итермелеу әрекеттері күші жағынан шектеулі болып қана қоймай, мардымсыз болып қалады, проблеманы шешу жолында осы кедергі болып отыр. Осы кезеңде Әзербайжан таулы Карабах қақтығысын шешуге ешқандай қызығушылық көрсетіп отырған жоқ, оның жалғыз мақсаты Арменияға барынша залал келтіру», - деп мәлім етті С. Саргсян бейсенбі күні Астанада ЕҚЫҰ саммитінде.

Ол «егер Әзербайжан соғыс агрессиясын бастаса, Арменияның Таулы Карабах Республикасының заңды мәртебесін танып, арцах халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның мүмкіндіктерін күшейтуден басқа амалы қалмайды», деп ескертті.

«Таулы Карабахқа Әзербайжанның аумақтық бірлігі ретінде қалып қою төніп отыр, қандай шешім қабылданса да, Карабах халқының ерік-таңдауы (ескерілуге - ҚазТАГ) тиіс. Өзін-өзі анықтау құқығына халық қана ие. Әзербайжанның Таулы Карабахқа ешқандай заңды да, моральдық та құқықтары жоқ», - деді ол.

Ал ЕҚЫҰ саммитінің бірінші күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Таулы Карабах - Әзербайжанның тарихи бөлігі деп мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі күні Армения босқындардың үйлеріне қатуына кедергі жасау үшін басып алған аумақтардағы бақылауын сақтап қалу мақсатында күш қолданып отыр. Осыған қарамастан, Әзербайжан бұрынғыдай, бейбіт келісімдерге үміт артады, олар нәтиже береді деп сенеді», - деді И. Әлиев.

Оның айтуынша, қақтығысты шешу халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын сақтауға, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрт резолюциясын, ЕҚЫҰ шешімдерін, Еуропа кеңесінің Еуропа парламентінің және басқа да халықаралық ұйымдардың резолюцияларын орындауға негізделуге тиіс.

Сондай-ақ, И.Әлиев Арменияны «қысқа мерзімде қақтығыстың нақты шешімін табу бағытындағы ерік-жігер жағдайында келіссөз жүргізгеннің орнына, қақтығысты болжауға болмайтын салдарымен эскалациялау жолын таңдап отыр» деп кінәлады.

«Келіссөз процесінде Арменияның жасап отырған әрекеттері Армения бейбітшілікке, басып алған аумақтарды босатуға ұмтылып отырғанын емес, кво статусын ұзақ уақыт бойы сақтап, келіссөз процесін мәнсіз етуді көздеп отыр» деген ойға итермелейді. ЕҚЫҰ-ның Минск тобы 92-ші жылы құрылды. Келіссөздердің жүргізілгеніне 20 жылдай уақыт болды, бірақ ешқандай нәтиже жоқ», - деді ол.

И. Әлиев Минск тобы дайындайтын ұсыныстарды бағалайтынын атап көрсетті және келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін, олардың қысқа мерзімде аяқтауға, сондай-ақ, «Әзербайжанның аумақтық тұтастығы шеңберінде халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына негізделетін нәтиже келуге» ниетті екенін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377