Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4741 0 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 09:45

Әндіжанда мақта теру науқаны кезінде ең ірі көтерме базар жабылды

Әндіжан қаласындағы ең ірі "Жахон бозори" мақта теру науқанының басталуына байланысты жабылып қалды. "Озодликтің" мобильді тілшісінің хабарлауынша, облыстың көптеген аудандарында бірнеше базардың жұмысы тоқтатылған. Әндіжандықтар мұндай шешімге наразы болып отыр.

«Жахон бозори» көтерме базары бейсенді және жексенбі күндері ғана жұмыс істейді. Қалған күндері ол жабық тұрады.

"Әндіжан облысының барлық аудандарындағы кәсіпкерлер осы базардан тауар алады. Кәрімов басқаруы кезінде мақта теру науқаны барысында бұл базарды ешқашан жапқан емес. Енді саудагерлерге өз дүкендерін ашуға рұқсат бермей отыр", - деді жергілікті тұрғын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 669