Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2677 0 пікір 3 Желтоқсан, 2010 сағат 08:31

Айдос Сарым, саясаттанушы: «Қазақ мәселесін талақ етпейік»

«Оралдағы қазақтар құрылтайы» деген дабыра онсыз да уайымы аз емес қазақ жұрты арасында үлкен дау-дамайға айналды. Интернет-форумдағы «қазақ құрылтайы жөнінде Айдос Сарымның пікірін тыңдағымыз келеді...» деген пікірді басшылыққа алып, сұрқылтай құрылтайдың тамырын танымал саясаткердің сөзімен басып көрейік деген едік.

- Айдос, бастапқыда «Кіші жүздің», кейіннен «батыс қазақтарының құрылтайы» болып, сан құбылған құрылтай туралы не айтасыз? Біраз жұртшылық сіздің пікіріңізді білгісі келеді екен...

- Өз басым, қазақ мәселесінің еркін талқыланғанын қалаймын. Ол үшін сан алуан түрдегі алаңдарды, мінбелерді пайдалану қажет болар. Алайда мен ішкі бірлік пен тұтастыққа нұқсан келтіреді-ау деген кез келген жиындарға қарсымын. «Батыс қазақ­тары» деген тіркес міндетті түрде «шығыс қазақтары», «оңтүстік қазақ­тары» деген жиындарға сұранып тұр. Бұған көп дәлел іздеудің қажеті жоқ. Себебі, біз ұлтымыздың менталитетін біршама білетін, түсінетін деңгей­деміз деп ойлаймын. Бәлкім, Орал­дағы жиынды (құрылтай деуге келе қоймас) өткізушілердің ойы мен ниеті түзу болар, кім білсін. Бірақ осындай жиын ертеңгі күні бір аран­датуға алып келуі ықтимал. Оны ескермеуге болмас.

Екіншіден, жұртты осыншама дүр­лік­тір­мес үшін, жиынды өткізу­шілер оның мақсаттары мен күн тәртібін анықтап беруге тиіс. «Абай.кз» порталында осы күндері жүріп жатқан әңгімелердің біразы дәл осыған саяды. Шынымен де, жасыратын ішкі мақсат-мүдде болмаса, ұйымдас­тырушылар өз ойларын, ұйымдастыру комитетін, қойылатын сұрақтарды, қарастырылатын мәсе­ле­лерді айқындап ашып берсін.

Тіпті осы сайтқа іліп, барша қауымды жиып, виртуалды түрде болса да, талқы­латсын, пікір жинасын. Бұл өте демократиялы тәртіп болар еді. Жиынның мақсаты биік, талғамы керемет десе, басқа халық та ниеттес, тілектес болып жүреді. Барлық былық пен артық әңгіме білместіктен, түсінбеушіліктен туады. Ұйым­дастырушылар осыны ескерер деп үміттенемін.

- Қазақ мәселесін жеке рулық, жүздік деңгейде шешуге бола ма?

- Қазақ ұлты - енді-енді ғана мемлекет деңгейіне жетіп, армандаған Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси шыңдары мен межелерін анықтап отырған ұлт. Әлі де болса үміттен гөрі күдік басымырақ заманда өмір сүріп жатырмыз. Ішкі бірлігіміз әлі беки қойған жоқ. Оның үстіне, діни және тілдік тұрғыдағы бөлінушілік те жоқ емес. Осындай жағдайда қазақты жүзге, не руға бөле бастасақ, не болады? Маған бір ұнамайтын дүние - қазақ ұлтшылдары мен зиялыла­рының арасындағы осы ру мен жүзге деген табыну. Кейбір ағаларымыз ру мен жүзді қазақты біріктіретін, оның топтасуын қамтамасыз ететін фактор деп хабарлайды.

Осыдан төрт-бес ай бұрын сол Оралдан келген бір ағамыз «Қассақ» партиясын құрайық деп келді. Пікір алмастық. Мен: «Осы партияның жобасында парламентті рулық жүйемен құру деген не мәселе? Қазақты бірік­тірудің басқа негіздерін таба алмаймыз ба?» - деп сұрадым. Ол кісі (атын атамай-ақ қояйын, өзі де біледі) былай дейді: «Қоғамға қауіп төніп тұр. Ресейдің астына кіріп кетуіміз ықтимал. Соған байланысты қазақты көтеру керек, санасын ояту керек. Қарап отырсақ, қазақ­тарды біріктіре­тін тек рулық, туыстық дүниелер екен. Сондықтан да осы мәселені көтеріп отырмыз».

Мен мынадай дәлел келтірдім: Егер ру-руға бөлініп, ел ішінде сайлау өткізетін болсақ, ондай сайлауларда сіздер ойлағандай, Қабдеш, Ғаббас, Дулат, Смағұл сияқты ұлт зиялылары мен қаймақтары емес, байлар мен криминалдар жеңіп шығады. Кезінде Шоқан мен Абайды сұлтан-би сайла­маған қазақ бүгінгі күні өзгере қойған жоқ!

Сайлау дегеніміз игі-жақсыларды сайлау емес, ақ­шасы мен айласы молдарды сайлау екенін тағы айттым. Сол байлар мен криминалдар бүгінгі күні партия­лары мен газеттерін билікке, қоғамға қалай айдап салып жатса, ертеңгі күні билік пен қоғамға қарсы түгелдей бір руды немесе жүзді қарсы пайдаланбайтынына кім кепіл деп сұрақ қойдым. Өкінішке қарай, тұшымды жауап ала алмадым.

Тағы бір маңызды мәселе бар: осы Оралдағы жиынды кім қар­жылан­дырып отыр? Бұл - маңызды мәселе. Осы жағынан да анық жауап керек. Егер не болса - о болсын, Назарбаевты бір тұқыртсақ болды деген күштер қаржыландырып отырса, бұл жиын қазақ мәселесіне жаңалық әкелмейді. Арандатудан аулақ бол­ғанымыз абзал. Қазақ мәселесін кейбір саяси ойыншылардың ойын­шығы етіп, талақ етуіне жол бер­мегеніміз дұрыс.

- «Кіші жүздің намысын қор­ғаймыз» деп даурығып жүргендер Жақсылық Досқалиевтің қазіргі тағдырын рулық өлшеммен кесіп-пішуде...

- Мен өзім - сол Кіші жүздің азаматымын. Алайда менің шыққан тегім басқаның алдында артықтық та, кемдік те етпеуге тиіс. Адамның  адам  болуы, азамат және кәсіби маман болуы руға немесе жүзге байланысты емес. Әйгілі мақалға салып, біреуге найза, екіншіге қауға беретін заман емес бүгін. Бұның барлығы - іші бос, сөзге тұрмайтын даурықпа әңгіме. Мәселе Досқалиевтың қай рудан екендігінде емес, қандай адам және қандай маман екендігінде. Егер Досқалиев жақсы маман бола отырып, пара алғаны рас болса, онда ол тиісті жазасын алуға тиіс. Кім болса - о болсын. Ру мәселесін қоздырып, рулық санамен жастардың басын айналдырып, санасын улап жатқан­дар­дың барлығы - надандар мен кещелер. Ешқандай адами, кәсіби, шығар­машылық бәсекелестікке шыдама­ғандықтан, ондай кещелер ру мен жүзді найза мен қалқанға айналдырады. Олардың атын атап, әшке­релеп, тиісті бағасын беріп отыруымыз қажет.

Сұхбаттасқан Серік ЖОЛДАСБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 43 (80) 01 желтоқсан  2010 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379