Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4916 5 пікір 16 Қазан, 2017 сағат 08:42

Неден жаңылдық?

КСРО-ны айтамын-ау, қанша жерден табаны көкті тіреген алып империя болса да, оның экономикасының тұйыққа тірелуі - көпке шыдатпады. Елдің бүкіл капиталын қорғаныс әлеуетін күшейтуге жұмсаған дию-мемлекеттің - айсбергке соғылған Титаниктей әп-сәтте-ақ күл-талқаны шыққанын көз көрді. 40 жылдағы қорғанысқа кеткен әскери шығыны 20 триллион доллар! Масқара ғой!

Басты капитал - "адам және оның өмірі" екенін ұмытатын мемлекеттерде дамудың тоқтайтыны аксиома. Сабақ түйдік пе, бастан өткерген мысалдан?

Неге Қазақстан экономикалық дағдарыстан көз ашпай келеді? Неден жаңылдық? Неге көштен қала бастадық? Экономикамыздың бәсекеге қабілеттігі неге төмендеп кетті? Экономиканың әртараптанбауы, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүшелікке енуімізден бөлек, экономикамыздың тұралауына әкеп соққан бірден-бір фактор - қаржылық-кландық топтың ұлттық экономиканы бақылауы болып отыр.

Қазақстанның ресурсын уысында ұстаған және билікпен ауыз жаласқан кландық иерархия шынжырынан үзілмей ел экономикасы бас көтермейді! Анық көзім жетті! Олардың жұмыс істеу принципі - құрдымға батқан компанияларды мемлекеттің меншігіне өткізіп, ал табысты кәсіпорындарды жекешелендіруге негізделген. Мәселен, "Самұрық-Қазына" "Шалқия" кен орнын 75 млрд теңгеге және қосымша қарызын 75 млрд теңгеге сатып алып, мемлекетті 150 млрдқа отырғызып кетті! Мұндай мысалдар көп!

НПЗ -лардың жасанды түрде толық модернизацияланып бітпеуі, Ресейдің "Газпромының" бензиніне қолдан ұйымдастырылған 30 пайыздық ішкі тәуелділік, қолдан жасалған жанармай дефициті, Бозымбаевтың бағаның көтеру үшін бар бензинді халыққа бермей қоюы - біздегі қаржылық топтың махинациясы! Қазақтың мүддесінен Ресейдің, жеке қалтаның мүддесі артық болғаны ғой...

Сосын, Құлыбаевтың Газпромға директорлар кеңесіне қайта-қайта мүшелікке сайлануында нендей сыр бар? Қазақстандағы экономблокқа жауапты тұлғалар неге өзгермейді? Неге "Самұрық-Қазынаны" отандық қаржы полициясының тексеруіне заңды түрде тиым салынған? Парадокс!

Қаржылық-кландық топтардың ұясын бұзу мүмкін емес. Бір-біріне иленіп қалған. Ал мұндай жағдайда қолдан жасалған отандық экономикалық дағдарыс ұзаққа созылары сөзсіз! Және бүгінгі биліктің түбіне жететін де солар болмақ!

Дина Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483