Сенбі, 23 Қараша 2024
3244 0 пікір 18 Қазан, 2017 сағат 09:14

Киевте саяси реформа үшін акциясы аяқталды

Украинаның Жоғарғы Радасы 19 қазанда депутаттық қол сұғылмаушылықты алып тастауды қарайды. Бұл саяси реформа жасауды сұраған демонстранттардың басты талабы болатын. Бұл акция Киевтің 10 ірі қаласында өтті.

Киевте парламент ғимараты жанында болған қақтығыста төрт адам зардап шеккен. Оның ішінде полиция қызметкері де бар.

Акцияға шыққандар үш талап қойды: сайлау реформасы (парламентте сайлауды пропорционалды жүйе бойынша өткізу), депутаттық қол сұғылмаушылықты алып тастау және Антикоррупциялық сот құру.

Ұйымдастырушылар қала көшелерінен бейбіт түрде өткенін айтады. Алайда алаңда қойылған шатырлардың талаптары орындалғанша тұра беретінін мәлімдеді.

Алаңға шыққандардың саны туралы мәлімет әртүрлі: екі мыңнан төрт мыңға дейін. Олардың ішінде Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили, Свобода, Демократиялық альянс, Ұлттық корпус секілді партияның мүшелері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448